Абай болыңыз! Алаяқтар алдау тәсілін тағы жаңартты

16.04.2026

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемалары тіркелуде. Ел тұрғындарына емханаға барғаннан кейін немесе дәрігерге жазылғаннан кейін күдікті қоңыраулар түсе бастайды. Алаяқтар өздерін медициналық мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырып, дербес деректерді (кейде ЖСН-ді) атайды, дәрігердің қабылдауына шақырады және қабылдауға келетінін SMS-код арқылы растауын сұрайды.

Сондай-ақ, алаяқтар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, SMS арқылы кезекке тапсырыс беріп, Қор кеңсесіне шақыруы мүмкін.

Қаскөйлердің мақсаты - жеке және банктік ақпаратқа қол жеткізу. Бұл ретте нөмірлер мен дауысты өзгертіп, жалған аккаунттар мен мессенджерлерді пайдаланады, деректердің таралып кету қаупін алға тарта отырып, шұғыл жағдай тудырады. Кейде қысымды күшейту үшін «несие мақұлданды» сияқты тіркестерді қолданады.

«БЗЖҚ» АҚ:

  • күдікті қоңырауларға жауап бермеуге;

  • SMS-кодтар мен дербес деректерді хабарламауға;
  • ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге;
  • қандай да бір күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді. 

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

«БЖЗҚ» АҚ төмендегілерді ескертеді:

  • Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды;

  • Зейнетақы төлемдерін ресімдеу заңда белгіленген тәртіпке сай делдалдар мен комиссиясыз жүзеге асырылады;
  • Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады;
  • Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді;
  • Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, ол оның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады.
  • "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері өз жинақтарын аудару, қаржы құралдарына салу, сондай-ақ қандай да бір акциялар сатып алу туралы ұсыныстар жасалатын түрлі роликтерге қатыспайды. 

Естеріңізге сала кетейік: «БЖЗҚ» АҚ, банк және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы кодтарды немесе ақша қаражатының аударымдарын сұрамайды.