«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады: Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері
09.09.2026
Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.
БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.
«БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.
«БЖЗҚ» АҚ филиалдарында 2026 жылдың қыркүйек айында өткізілетін Ашық есік күндерінің нақты уақыты мен орны туралы ақпарат:
|
№ |
Филиал |
Іс-шара өткізілетін күні мен уақыты |
Іс-шара өтетін орын |
Ескерту |
|
1 |
Ақмола ОФ |
16.09.2026, 11:00 с. |
Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қ, Гагарин көш. 1 |
Аудандық мәдениет үйі |
|
2 |
Ақтөбе ОФ |
15.09.2026, 11:00 с. |
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы, Т.Жүргенов көш. 67. |
"Целинник" аудандық мәдениет үйі |
|
3 |
Атырау ОФ |
10.09.2026, 10:00 с. |
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Мұнайшы көш. 35-ғимарат |
«Жалын» мәдениет үйі |
|
4 |
ШҚОФ |
11.09.2026, 11:00, 14:00 с. |
ШҚО, Алтай ауданы, Серебрянск қ., Веденеева көш.,14 |
Серебрянск қ. әкімшілік ғимараты (Ашық әкімшілік акт. залы) |
|
5 |
Жамбыл ОФ |
11.09.2026, 11:00 с. |
Жамбыл облысы, Байзак ауданы, Сарыкемер ауылы, Желтоқсан көш., 59 |
"№3 Байзақ колледжі." Жамбыл облысының білім басқармасы" |
|
6 |
БҚОФ |
23.09.2026, 12:00 с. |
БҚО, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Абай көш. 17а |
"ШЫҢ" театры |
|
7 |
Қарағанды ОФ |
16.09.2026 11:00 - 13:00 с, 15:00 - 17:00 с. |
Карағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көш., 23А |
Мәдениет үйі |
|
8 |
Қостанай ОФ |
16.09.2026, 15:00 с. |
Костанай облысы, Мендыкара ауданы, Боровое ауылы, Павлова көш. 67. |
|
|
9 |
Қызылорда ОФ |
17.09.2026, 11:00, 14:00 с. |
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылы, КТУ-11/3, |
ММ "Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі" |
|
10 |
Жетiсу ОФ |
21.09.2026, 12:00 с. |
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпык би ауылы |
Көксу аудандық әкімшілік ғимараты |
|
11 |
Павлодар ОФ |
17.09.2026, 11:00 с. |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көш, 118 |
Ертіс аудандық әкімшілік ғимараты (үлкен акт залы) |
|
12 |
СҚОФ |
22.09.2026, 10:00 с. |
СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, С. Мұқанов көш. 12 |
Мамлют аудандық әкімшілік ғимараты |
|
13 |
Түркістан ОФ |
16.09.2026, 11:00, 15:00 с. |
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнак ауылы, М.Темірбаев көш. 30. |
Сауран аудандық әкімшілік басқарма үйі |
|
14 |
Абай ОФ |
18.09.2026, 10:00 -16:00 с. |
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көш. 11 |
Бесқарағай аудандық мәдениет үйі |
|
15 |
Маңғыстау ОФ |
16.09.2026, 11:00 с. |
Маңғыстау облысы, Карақия ауданы, Құрық ауылы, 1-шағынаудан, ғимарат- 34 |
Аудандық мәдениет үйі |
|
16 |
Астана қ. филиалы |
23.09.2026, 10:00 с. |
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Құрманов көш. 2/2 |
Аудандық мәдениет үйі |
|
17 |
Алматы қ. филиалы |
14.09.2026, 10:00 с. |
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы. |
Іле аудандық әкімшілік ғимараты |
|
18 |
Алматы қ. филиалы |
11.09.2026, 10:00 с. |
Төле би ауданы, Леңгір қ, Төле би көш. 294 |
Леңгір қаласының әкімшілік ғимараты |
|
Шымкент қ. филиалы |
11.09.2026, 12:00 с. |
Төлеби ауданы, Леңгір қ., Әйтеке би көш. 28 |
Төлеби аудандық әкімшілік ғимараты |
Кездесу барысында Сіз:
-
ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
-
ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
-
ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
-
зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
-
бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – invest.enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.
Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.
Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!