Құрметті салымшылар! Дербес деректеріңізді алаяқтардан қорғай біліңіз!
27.10.2026
Зейнетақы жинақтарыңыз бен дербес деректеріңізді қорғау мақсатында телефон қоңырауларын, мессенджерлерді, әлеуметтік желілер мен жалған интернет қорларды пайдаланатын алаяқтық схемалардың таралып жатқанына назарыңызды аударамыз.
Алаяқтар зейнетақы қорының, банктердің, мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері ретінде танысып, жалған тиесілі төлемдер, зейнетақыны қайта есептеу, ақшалай қаражатты қайтару не болмаса деректерді шұғыл растау қажеттілігі жайлы хабарлауы мүмкін. Мұнымен бірге жалған сайттар, фишингтік сілтемелер, жалған инвестициялық ұсыныстар, күдікті операциялар туралы хабарламалар мен телефон нөмірлерін ауыстыру технологиялары қолданылады. Мұндай іс-әрекеттердің мақсаты – азаматтардың дербес деректеріне, банк шоттарына және есептік жазбаларына қол жеткізу.
Алаяқтық іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:
-
Ақпаратты тексеріңіз. Қор телефон, мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы пароль, растау кодтарын, PIN-кодтар мен басқа да конфиденциалды деректерді сұрамайды. Қор атынан күдікті қоңырау немесе хабарламалар алған жағдайда сұралған ақпаратты хабарламаңыз және өзіңіз Қорға ресми байланыс арналары арқылы қайта хабарласыңыз. Көрсетілген телефон нөміріне немесе жіберушінің атына сеніп қалмаңыз.
- Конфиденциалды деректерді бермеңіз. Бөтен адамға пароль, PIN-код, SMS код, банк картасының деректерін және жеке кабинетке кіретін мәліметті айтпаңыз. Сенімсіз адамға жеке куәлік пен басқа да құжаттардың суреттерін жібермеңіз.
- Сілтемелер мен қосымшалардан сақ болыңыз. Күдікті сілтемелерді ашпаңыз, белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз және бөтен адамдардың өтініші бойынша телефонға немесе компьютерге қашықтан рұқсат бермеңіз.
- Қоңырау шалушының нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз. Жалған қызмет алған үшін комиссия төлемеңіз, қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аудармаңыз және күдікті инвестициялық ұсыныстарға келіспеңіз.
- Тек ресми қорларды пайдаланыңыз. Дербес деректерді енгізу және жеке кабинетке кіру алдында сайт мекенжайын тексеріңіз. Кепілдендірілген жоғары кірістілік туралы уәделерге және сыйақыға төлемдерді алуды жеделдету туралы ұсыныстарға сенбеңіз.
- Өз есептік жазбаңызды қорғаңыз. Сенімді бірегей парольдерді қолданыңыз, қосымша кіру қорғанысын қосыңыз, авторлануға белгісіз сұраныстарды растамаңыз және әлеуметтік желілерге артық жеке мәліметтерді жарияламаңыз.
Егер сіз күдік тудыратын өтінішке тап болсаңыз немесе өз деректеріңізді беріп қойсаңыз:
-
күдікті алаяқпен тілдесуді тоқтатыңыз және оның нұсқауларын орындамаңыз;
белгілі болған парольді дереу ауыстырыңыз және күдікті кіру сеанстарын аяқтаңыз;
-
ақшалай қаражатты ұрлау қауіпі туындаған кезде дереу ресми телефон нөмірі бойынша қызмет көрсетуші банкке жүгініңіз;
- болған жағдай туралы зейнетақы қорына ресми байланыс арналары арқылы хабарлаңыз, ал алаяқтық белгілері бар болса құқық қорғау органдарына жүгініңіз;
- болған оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесетін хабарламаларды, телефон нөмірлерін, сілтемелерді және басқа да материалдарды сақтап қойыңыз.
Есте сақтаңыз: Қор қызметкерлері телефон, мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы пароль, растау кодтарын, PIN-кодтар мен басқа да конфиденциалды деректерді сұрамайды. Қаржылық шешімдерді қысыммен қабылдамаңыз және жеке деректеріңізді хабарламаның шынайылығын тексерместен ешкімге бермеңіз.