Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
25.11.2026
2026 жылғы 2 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол» тақырыбындағы кездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады.
Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.
Кездесу барысында сіздер:
-
зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;
-
салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын;
-
басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін;
-
басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін;
-
зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;
-
зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;
-
тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар.
Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңес ала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі.
Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Биылғы 9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы.
Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз.
Іс-шараға қатысу үшін төменде берілген сілтемелер бойынша тіркелу қажет:
|
№ |
Филиалдың атауы |
Өткізу уақыты |
Тіл |
Сілтеме |
|---|---|---|---|---|
|
1 |
Ақмола ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
Вебинар паролі: 1234 |
|
2 |
Ақтөбе ОФ |
1) 10:00 |
1)Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі: |
|
3 |
Атырау ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі |
Тіркелу сілтемесі: https://enpf.webex.com/weblink/register/rcb1f61c882f09e65dbacf1c5cc42434e |
|
4 |
Шығыс Қазақстан ОФ |
1) 09:30-11:00 |
1)Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m62783c33c3e4fc0594e8ab78bfbd1860
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m2b02dd04e3875bd440bbb8dcf0df6d6b
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m82010e8af2191c0aadcb9163273d72aa |
|
5 |
Жамбыл ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7279fb0a0dfca6fcb6e56a6b7d3dc86a
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m31f00820c8f5ad2c44c09df9e230d1c0
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma18e83db1fa092dd03e9e17600e92ae8 |
|
6 |
Батыс Қазақстан ОФ |
1) 10:00-11:00
3) 14:00-15:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі 4)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mdf2942a0fe64251825c8d7e3bbffa90c
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m40ab02cb76c1057d375abe81fb6f70eb 3) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m03dad654503bf4289939ab37a48a1f0f 4) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m62b50c89284d714ed7a6f7d124512ff2 |
|
7 |
Қарағанды ОФ |
1) 11:00-12:00 |
1)Қазақ тілі |
Тіркелу сілтемесі: |
|
8 |
Қостанай ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7452509ba396af60869c483862ba12b4
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7452509ba396af60869c483862ba12b4
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7452509ba396af60869c483862ba12b4
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7452509ba396af60869c483862ba12b4 |
|
9 |
Қызылорда ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі |
1) Тіркелу сілтемесі: |
|
10 |
Маңғыстау ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі |
1) Тіркелу сілтемесі: https://enpf.webex.com/weblink/register/r4eee38b7b81b3690bd5d37bd8858f072 |
|
11 |
Абай ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі: https://enpf.webex.com/weblink/register/r94338651c1b4b2aef86ee45f5283df68 |
|
12 |
Жетісу ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mfdb4fc22ca532a9ebbc731ba6d0bbf24
Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mfdb4fc22ca532a9ebbc731ba6d0bbf24 |
|
13 |
Павлодар ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі Zoom:
https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=86869298515
https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=85805206323
https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=83830845926 |
|
14 |
Солтүстік Қазақстан ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m0cc944dfd034b5cbb30012e445a0536a
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m52349afcb302589ccbb63a6271d10d04
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m3a8f348392be64cb3c45608630405d8e |
|
15 |
Түркістан ОФ |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5e378ed75aacfb418e38f15a4d003022
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m165b5946e55e51a812bc2d105bc30705
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m9a18496e6d0a79fd8e3222a9637a1f05 |
|
16 |
Алматы қаласындағы филиал |
1) 10:00-11:00 |
1)Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mac2a9a8836e59fef93da6c34bd945223
Вебинар нөмірі: 2511 844 2176 https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=me0e7bad7d98feca02fbaf8e48dc33c25
Вебинар нөмірі: 2510 273 3831 https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma5926d46cebb52a860a45c8f298ed188
Вебинар нөмірі: 2512 362 4316 |
|
17 |
Астана қаласындағы филиал |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1 ) Тіркелу сілтемесі: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mf04e2fde0405686f6dbec725950b6cf3
Вебинар нөмірі: 2512 379 9895 3) Тіркелу сілтемесі: https://us05web.zoom.us/j/86854628325?pwd=Kawtv2Npi2CBoXUZjBLpqlT1AKBfmr.1
Вебинар нөмірі: 868 5462 8325 |
|
18 |
Шымкент қаласындағы филиал |
1) 10:00-11:00 |
1)Қазақ тілі/Орыс тілі |
1) Тіркелу сілтемесі:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc711d845dbbf6979827c6c99a1fbee8d
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6eefdda8dad8b81761f06d787bd876ee https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m672fe8fdfc087d33114d45a0599b9822
Вебинар нөмірі: 2511 207 5876 |