Филиалды таңдаңыз:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен жұмыс істеп жатқан ИПБ тізбесімен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз.
Бұдан әрі зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш беруі қажет, оны enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады. Салымшы дербес жүгінген кезде жеке куәлігін көрсетіп, содан кейін қажетті құжаттарды толтыруы керек
Enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аударуға өтініш берген кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
Қадам 1
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен Жеке кабинетте авторлану.
Қадам 2
Жеке кабинеттің басты бетінде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына беруге қолжетімді МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізу.
Қадам 3
Жеке кабинеттегі «Қызметтер» бөлімшесіне өту.
Қадам 4
«Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлікпен басқаруына аудару» қызметін таңдау. "Өтініш деректемелерін енгізу" терезесінде салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасынан автоматты түрде пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен салыстырылады. Егер осы ақпараттың біреуі (мысалы, мекен-жайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.
Қадам 5
Қазіргі уақытта «Өрістерді толтырыңыз» бөлімінде әдепкі бойынша «инвестициялық портфельді басқарушыны таңдауға байланысты» опциясы қойылады.
Бұл жерде:
1) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ) ИПБ-ға аударуға ниет білдірген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау қажет;
2) ұсынылып отырған ИПБ анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын таңдау;
3) сенімгерлікпен басқаруға аудару үшін қолжетімді соманы көрсету;
4) ұсынылған ақпаратпен танысу және оған келісу/келіспеушілік білдіру қажет.
Қадам 6
Өтінішке өзінің ЭЦҚ арқылы қол қою.
Қадам 7
Жеке кабинеттің басты бетіндегі «Өтініштердің мәртебесін қадағалау» бөлімінде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.
БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді.
ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері түріне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.