Қате аударылған ЕЗЖ қайтаруды жүзеге асыру тәртібі

№49 Қағиданың [1]  12-тармағына сәйкес салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан (бұдан әрі - ЖЗШ) сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есептеу, есептен шығару тәртібін қоса алғанда, салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алу жөніндегі операциялардың тізбесі және оларды жүргізу тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.

БЖЗҚ [2] ішкі нормативтік құжатына сай, қате аударылған ерікті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЕЗЖ) қайтару үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

ЕЗЖ салымшысы

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Өз пайдасына ЕЗЖ аударатын жеке тұлға

БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинетте «Қызметтер» бөлімінде - ЖЗШ-дан қате есептелген ЕЗЖ сомаларын қайтаруға өтініш беру

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе QR-кодпен растау.

БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында «Қызметтер» бөлімінде - ЖЗШ-дан қате есептелген ЕЗЖ сомаларын қайтаруға өтініш беру

EGov Mobile арқылы QR-кодпен растау.

БЖЗҚ кеңсесіне жеке жүгінген кезде

1) алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш.

Пошта байланысы арқылы

1) ЕЗЖ салымшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш;

3) өзі үшін ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ сомаларын есептен шығаруға келісетіні туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

Үшінші тұлғаның пайдасына ЕЗЖ аударатын жеке немесе заңды тұлға

БЖЗҚ кеңсесіне жеке жүгінген кезде

1) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш;

2) өзі үшін ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ сомаларын есептен шығаруға келісетіні туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

Пошта байланысы арқылы

Сенім білдірілген адам (сенімхат бойынша) арқылы

БЖЗҚ кеңсесіне жеке жүгінген кезде

1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы;

3) қате аударылған ЕЗЖ қайтару туралы өтініш;

4) өзі үшін ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ сомаларын есептен шығаруға келісетіні туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

ЖЗШ-дан қате аударылған ЕЗЖ есептен шығару операциялары ЖЗШ-да зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ-да құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Төлем құжаттарының деректемелері не ұсынылған құжаттарда өзі үшін ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның деректемелері БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесіндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда не ЖЗШ-да қайтарылуға жататын қате есептелген ЕЗЖ болмаған (түспеген) жағдайда не бұрын өтініште көрсетілген ЕЗЖ қайтарылған жағдайда, не теріс инвестициялық кірістің есептелуі себебінен қате есептелген ЕЗЖ қайтару үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда БЖЗҚ ЕЗЖ салымшысына қағаз тасымалдағышта қабылданған өтініштер бойынша бас тарту себебін көрсете отырып, қате есептелген ЕЗЖ қайтаруларды орындаудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді, ал БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында электрондық қызмет арқылы қабылданған өтініштер үшін - бас тарту себебі БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында жеке кабинетте «Қызметтер» бөлімінде – «Менің төлемге / аударымдарға / ЕЗЖ қайтаруға өтініштерім» шағын бөлімінде беріледі.

Қате есептелген жарнаны қайтару ЖЗШ-ға түскен жарна мөлшерінде не ЕЗЖ салымшысының өтінішінде айқындалған мөлшерде, бірақ салымшының ЖЗШ-на түскен жарна сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

___________________________________________________________________________________________________________

[1] Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 49 Қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидалары

[2] «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының 2025 жылғы 30 маусымдағы №31 хаттамасымен бекітілген «БЖЗҚ» АҚ жеке зейнетақы шоттарындағы, шартты зейнетақы шоттарындағы, нысаналы жинақтау шоттарындағы операцияларды есепке алуды және зейнетақы активтерін, нысаналы активтерді және нысаналы жинақтарды бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасы