Бактыбаев Назым Абдухалимович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры
Туған күні: 19.01.1984
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың қызметі:
- Қордың құжатайналымы мен мұрағатын жүргізу;
- Қордың қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
- Проблемалық активтермен жұмыс жасау;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Білімі:
2004 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
2004 жылдан бастап еңбек қызметін «Тұран» университеті жанындағы Құқықтық салықтық клиникада кеңесші ретінде бастаған.
2004 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында келесі ұйымдарда заңгер кеңесші ретінде жұмыс жасаған: «Қазақстан полиграфистер қауымдастығы» ҚТБ, «Tehnology of Imaging» АҚ, «Қонаев атындағы АЖЗҚ» АҚ, «Қонаев атындағы АЖЗҚ» АҚ-да (2008 жылдың мамыр айынан шілде айына дейін) Заң бөлімінің бастық лауазымын иеленді.
2008 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында «Аманат ЖЗҚ» АҚ-да Заң бөлімінің бастық лауазымын иеленді.
2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «БЖЗҚ» АҚ-да жұмыс жасайды. «БЖЗҚ» АҚ-да өз қызметін Зейнетақы және инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің 1-санатты маманы лауазымынан (2010 жылдан бастап 2012 жылдар аралығы) бастаған, сол бөлімшенің бас маман лауазымына ауысқан (2012 жылдан 2014 жылдар аралығы), 2014 жылдан бастап 2016 жылдар аралығында Заң департаментінің Зейнетақы қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастық лауазымын иеленді. 2016 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында Заң департаменті директорының орынбасары болды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап 2025 жылдың желтоқсан айы аралығында «БЖЗҚ» АҚ Заң департаментінің директоры лауазымын иеленді. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.
Қосымша жұмыс жасамайды.
Марапаттары:
2021ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы атынан «Ұлттық валюта - теңге» күніне орай алғыс,
2023ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы атынан «Теңгеге 30 жыл», «Ұлттық валюта – теңге күніне» орай мерекелік медаль,
2024ж. – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М. Әбілқасымовадан «Ұлттық валюта - теңге» күніне орай алғыс хат.