Медеу Еділ Ахметқалұлы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Туған күні: 30.01.1988
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма төрағасы орынбасарының функциясы:
Мынадай мәселелер бойынша:
- зейнетақы және меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді талдау;
- өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау жөніндегі жұмысты жалпы басқарады, үйлестіреді және бақылайды.
Білімі
2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі –іскерлік басқару магистрі.
2017 жылы Жапония, Токио қаласындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін бітірген, біліктілігі – экономика магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
2009-2011 – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Бағалы қағаздар нарығы субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу департаменті, қашықтықтан қадағалау басқармасының бас сарапшысы;
2011–2019 – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
2011–2014 – Бағалы қағаздар нарығы департаменті, қашықтықтан қадағалау басқармасының бастығы/бастық орынбасары;2014-2019 – Бағалы қағаздар нарығы департаменті, бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы;
2019 – Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры;
2020-2021 – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры;
2021-2025 – «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары;
2025 жылғы 25 сәуірден бастап 2026 жылғы 31 тамызды қоса алғанда – «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, Басқарма төрағасы.
2026 жылғы 25 қыркүйектен бастап Еділ Ахметқалұлы Медеу «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
Қоса атқарылатын жұмыс істемейді.