Бозжанов Нурсеит Сеилович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры
Туған күні: 03.02.1972
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың функциялары:
- Қордың цифрлық жүйелерін жұмыс істету мен дамыту;
- жаңа цифрлық жүйелер енгізу;
- цифрлық жүйелердің мақсатты архитектурасын қолдау үшін оңтайлы технологиялық шешімдер таңдау;
- Қордың цифрлық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- АТ инфрақұрылымын дамыту және ұйымдастыру;
-
өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау бағыттары бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Білімі
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс тәжірибесі
2014 жылдан бастап 2024 жылға дейін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да Ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін АТФ Банк АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды: Ақпараттық жүйелер департаментінің Дамыту басқармасының бастығы, Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды басқару бойынша департаментінің БҚ әзірлеу басқармасының ілеспе қосымшалар бөлімінің бас сарапшысы, АТ жобалар басқармасының бас сарапшысы, Ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау басқармасының ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау бойынша бағытының директоры, Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды басқару бойынша департаментінің БҚ әзірлеу басқармасының ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау бойынша бағытының директоры.
2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстан Халық Банкі АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды: Ақпараттық технологиялар департаментінің банктік ақпараттық жүйелерді жобалау және дамыту басқармасының бас маманы, Ақпараттық технологиялар департаментінің Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасының қосалқы жүйелерге ілеспе қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, Ақпараттық технологиялар департаментінің Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасының қосалқы жүйелерге ілеспе қызмет көрсету бөлімінің бастығы, Ақпараттық технологиялар департаментінің Жүйелі және қосалқы жүйелерді қолдау басқармасының аға менеджері, Ақпараттық технологиялар департаментінің Жүйелі және қосалқы жүйелерді қолдау басқармасының бас менеджері.
1999 жылдан бастап 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік Сервистік Бюросында түрлі лауазымдарды атқарды: ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу бөлімінің ІІ санаттағы маманы, А.Ж. жобалау бөлімінің сектор меңгерушісі, А.Ж. І санаттағы маманы, ілеспе қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы, ілеспе қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, ілеспе қызмет көрсету бөлімінің бас инженер-бағдарламашысы.
1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Экономикалық зерттеулер институтында инженер қызметін атқарды.
1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін ҚР ІІМ Алматы техникалық институтында математика және информатика оқытушысы қызметін атқарды.
1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін Ғарыштық зерттеулер институтында инженер-программист қызметін атқарды.
Қоса атқаратын жұмыс жүзеге асырылмайды.
Марапаттары
«Үздік қаржыгер» ҚҚҚ қоғамдық медалі (2015 жыл);
«Еңбегі үшін» медалі (2018 жыл).