Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
Туған күні: 19.02.1973
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайлау күні, Директорлар кеңесі мүшесінің мәртебесі мен қызметі:
2026 жылғы 25 ақпанда «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілі ретінде сайланды.
Директорлар кеңесі мүшесінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және өзге де ішкі құжаттарға сәйкес атқарады.
Білімі:
1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1994 жылы Шымкент облысының Победа совхозында бухгалтер ретінде бастаған.
1995 жылдан бастап 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығы.
2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін Астана қаласындағы «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы.
2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласындағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
2024 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары лауазымын иеленуде.