Филиалды таңдаңыз:
Вопросы физлиц (16)
|
1. ЖЗШ-дан үзінді көшірмені е-mail-ға қалай алуға болады?
«ЖЗШ-дан үзінді көшірмені E-mail-ға алу» электрондық қызметі Сізге жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық поштаңыздың мекенжайына өз бетіңізше жіберуге мүмкіндік береді. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде электрондық құжатқа веб-сілтеме бар. Веб-сілтемені құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде алуға болады.
Сіз «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу» сервисін:
- өзіңіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы «электрондық пошта арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған кезде;
- «БЖЗҚ» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорында өзіңіз тіркеген электрондық пошта мекенжайын көрсеткен кезде пайдалана аласыз.
2. ЖЗШ-дан үзінді көшірмені онлайн түрде қалай алуға болады?
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу үшін:
- «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені e-mail-ға алу» электрондық қызметін таңдау;
- экрандық нысанға ЖСН мен электрондық мекенжайды енгізу;
- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қалыптастыру кезеңін (басы мен соңын) таңдау қажет.
3. ЖЗШ-дан үзінді көшірме кімге берілуі мүмкін?
БЖЗҚ атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұратуы бойынша БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұратылатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақысыз ұсынады.
БЖЗҚ ЖЗШ-дағы ақша қалдығы мен оның қозғалысы туралы мәліметтерді:
1) МЗЖ салымшысына, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаға;
2) зейнетақы төлемдерін алушыға;
3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға;
4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 55-бабының 4-тармағында қарастырылған адамдарға беруі мүмкін.
БЖЗҚ ұсынатын, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта келесі мәліметтер (олар бар болған жағдайда):
1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы;
4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның ЖЗШ-да көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы;
6) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы;
7) біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты сұрату бойынша – БЖЗҚ-ның және (немесе) «электрондық үкіметтің» интернет-ресурстары арқылы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ұсынады.
ЖЗШ-лары БЖЗҚ-да 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ашылған МЗЖ салымшыларының, өздеріне МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты бұрын анықталған төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен:
- БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;
- пошта байланысы қызметтері арқылы жыл сайын/кесте бойынша алу құқығы сақталады.
БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі ретінде автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның және (немесе) «электрондық үкіметтің» интернет-ресурстарының жеке кабинеті арқылы» деген тәсіл анықталады.
Бұл ретте БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу үшін қажетті құжаттар тізімімен БЖЗҚ-ның сайтында танысуға болады.
ЖЗШ-дағы ақша қалдығы мен оның қозғалысы туралы мәліметтерді қамтитын зейнетақы жинақтарының құпиясына БЖЗҚ-ның кепілдік беретініне назар аударамыз.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі жағдайларда бермейді (беруді тоқтатады):
1) ақпарат беру күніндегі жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайда;
2) БЖЗҚ МО-ның АЖ-нан және (немесе) өзге де дерек көздерінен келесі:
- БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы;
- шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетуі және (немесе) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы мәліметтер алған жағдайда;
3) МЗЖ салымшыларын, өздері үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаларды, зейнетақы төлемдерін алушыларды өткен күнтізбелік жыл үшін хабарландыру жөніндегі науқанды өткізу қорытындыларына қатысты тапсырылмаған конверттер бойынша ақпарат берілген жағдайда;
4) БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы хабарлау тәсілі таңдалған жағдайда.
4. ЖЗШ-дан үзінді көшірмедегі ақпарат кімге ашылуы мүмкін?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 55-бабының ережелеріне сай зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдығы және оның қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиясына кепілдік береді.
Зейнетақы жинақтарының құпиясы міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға, зейнетақы төлемдерін алушыға, міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімінің негізінде кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.
Бұдан бөлек, жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына – олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға – сот ұйғарымының негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша;
3) сот орындаушыларына – прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша;
4) мемлекеттік кіріс органдарына – міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) байланысты мәселелер бойынша;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға – міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;
6) прокурорға – оның қарауында жатқан материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
7) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
8) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхаттың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде;
9) Мемлекеттік корпорацияға – міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының не нотариат куәландырған сенімхат немесе заңды күшіне енген сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;
10) уәкілетті мемлекеттік органға – міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
12) мұрагерлерге – міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда – мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бере отырып, сұрау салу бойынша;
13) нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге – міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша – сұрау салу бойынша берілуі мүмкін.
1. Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетуге байланысты зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ-ға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетумен байланысты БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Зейнетақы жинақтарын төлеуге берілетін құжаттар БЖЗҚ-ға келесі тәсілдердің бірімен ұсынылуы мүмкін:
- жеке өзі жүгінген кезде;
- пошталық байланыс арқылы;
- үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгінген кезде ғана қабылданады.
БЖЗҚ-ның «Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру» электрондық қызметін пайдалана отырып, зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.
Назар аударыңыз:
Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және оның жарамдылығы туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен (ЖТ МДҚ) мәліметтерді сұратады.
Өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшінің жойылуына байланысты не болмаса Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың БЖЗҚ-ға қабылданған не түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ салымшы жүгінген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде алушыға бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жіберу арқылы құжаттарды қабылдаудан не өтінішті орындаудан бас тартады.
Зейнетақы жинақтары алушының өзінің банктік шотына ғана, оның ішінде әрекетке қабілетсіз / әрекетке қабілеті шектеулі, кәмелетке толған адам зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда ғана төленеді. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері бір рет төленеді.
Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сай шетелдік паспорт – шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат. Тиісінше, егер сенім білдірілген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспортты ұсыну қажет (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты қарастырылмайды).
Егер тұрғылықты мемлекетте шетелдік паспорттардың және өзге де құжаттардың көшірмелеріне нотариаттық куәландыру жүргізілмесе, растайтын құжат (құжаттың көшірмесін куәландырудан бас тарту туралы нотариустың қаулысы не басқа құжат) ұсынылуы тиіс. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішке шетелдік паспорттың нотариат куәландырған көшірмесі талап етілетін барлық жағдайларда, егер нотариустың куәландыру жазбасында: «Көшірмелердің түпнұсқамен дәлдігін куәландырамын» деген сөздері болған жағдайда, негізгі деректемелері, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және берген органы, қолданылу мерзімі көрсетілген беттері бар шетелдік паспорттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға жол беріледі. Шетелдік паспорттан алынған нотариат куәландырған үзінді көшірме қарастырылмайды.
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады.
Шет тілінде жасалған, ұсынылатын құжаттарды мемлекеттік не орыс тіліне аудару қажет, оның ішінде қажет болған жағдайда шетелдік нотариус пен аудармашының барлық куәландырушы жазбаларын заңдастыру қажет.
Шетелдік паспортты алу кезінде алушының деректемелері өзгерген жағдайда, атап айтқанда: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты өзгерген жағдайда құжаттар тізбесіне шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресімделген, негізгі деректемелердің өзгеру фактісін растайтын төмендегі құжаттардың бірінің түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін қосымша ұсыну қажет:
- Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;
- шет мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;
- тегін/атын/әкесінің атын өзгерту туралы куәлік/анықтама;
- неке қию/бұзу туралы куәлік;
- деректемелердің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №11-1-2/576 Бұйрығымен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидасының 2-тармағына сәйкес құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қолы мен құжаттардағы мөрдің түпнұсқалығын анықтау және куәландыру болып табылады. Заңдастыру жазбасы құжаттың өзінде, ал құжатта орын болмаған жағдайда – құжатпен бекітіліп берілетін жеке парақта құжатты заңдастырған адамның мөрі мен қолы қойылып, жасалады.
1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына (Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды адамдарынан шығатын ресми құжаттар заңдастырылудан босатылады және алушының тұрақты тұратын елінде апостильдеуге жатады.
Апостильді (Гаага конвенциясына қосымша болып табылатын белгілі бір үлгідегі мөртабан) құжат жасалған мемлекеттің құзыретті органы құжаттың өзінде немесе құжатпен бекітіліп берілетін жеке парақта қояды. Тиісті түрде толтырылған апостиль құжатқа қол қойған адамның қолтаңбасының түпнұсқалығын, сапасын және тиісті жағдайда осы құжатты бекіткен мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын куәландырады.
1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск конвенциясына (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенция) және 2002 жылғы 7 қазандағы Кишинев конвенциясына (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды адамдарынан шығатын ресми құжаттар алушының тұрақты тұратын елінде апостиль қоюдан босатылады, бірақ мекемелер немесе олардың құзыреті шегінде (белгіленген нысан бойынша) арнайы уәкілетті тұлға куәландырады және Минск немесе Кишинев конвенцияларына қатысушы елдің елтаңбалық мөрімен бекітіледі.
Егер органдар мен лауазымды адамдардан шығатын ресми құжаттарды Гаага не Минск, не Кишинев конвенцияларына қатысушы елдердің тізбесіне кірмейтін шет мемлекет не Қазақстан Республикасымен Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы жасаған шарттары бар елдер берген жағдайда, бұл құжаттар жоғарыда көрсетілген тәртіппен заңдастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.
БЖЗҚ-ға келесі құжаттар: алушының нотариат куәландырған қолымен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш/нотариат куәландырған сенімхат/шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің және басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылған жағдайда құжаттардың мемлекеттік не орыс тілдеріне аудармасы, оның ішінде алушының тұрғылықты мемлекетінде шет тілінде жасалған шетелдік нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның және аудармашының барлық куәландырушы жазбаларының (оның ішінде нотариустың зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште алушының қолының түпнұсқалығын куәландырғаны туралы) мемлекеттік не орыс тіліне аудармасы болуы қажет.
Бұл ретте, егер алушының тұрғылықты мемлекетінің заңнамасында өзгеше көзделмесе, аударма тігілуі (аударма жасалған құжатпен бірге бекітілуі) тиіс, ал құжаттардың тігілген немесе бекітілген орны нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның мөрімен куәландырылуы тиіс. Сондай-ақ шетелдік нотариустың жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттері, оның ішінде алушының, аудармашының қолын куәландыру, құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру, сенімхатты куәландыру кезінде жасалған іс-әрекеттер заңдастырылуға не апостильдеуге жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында заңдастырылған не апостиль қойылған құжаттар аударылған жағдайда аудармашының қолы немесе нотариус немесе өзге уәкілетті тұлға жасаған аударманың дұрыстығы нотариалды куәландырылады.
2. Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 220-бабының 4-тармағына, 221-бабының 3-тармағына және 223-бабының 2-тармағына сай БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Кодекстің 242-бабының 3-тармағымен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 3450*94 = 324 300 теңге) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізетіні белгіленген.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.
Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
1) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) МО-ның АЖ-да өтініш берген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
4) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.
Бұл ретте назар аударыңыз, жерлеуге арналған біржолғы төлем зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесі БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ғана төленеді, яғни БЖЗҚ-ға пошта байланысы арқылы немесе үшінші тұлға (сенім білдірілген өкіл) арқылы жүгінген кезде өтініш орындауға қабылданбайды.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленеді;
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын мұрагерлердің алуы үшін жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) МО-ның АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұрагерлік мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) мұрагердің банктік шоты туралы мәліметтер.
Зейнетақы жинақтары мұрагердің өзінің банктік шотына ғана, оның ішінде әрекетке қабілетсіз / әрекетке қабілеті шектеулі, кәмелетке толған адам зейнетақы төлемдерінің мұрагері болған жағдайда ғана төленеді. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді.
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мұрагері немесе қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде сенім білдірілген тұлға, мұрагердің заңды өкілі болып табылған жағдайда, мұрагердің/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-ға мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырылған шетелдік паспорт ұсынылады, бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар қосылмайды;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиетхат бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса немесе олардың ешқайсысының мұраға құқығы болмаса немесе олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.
Иесіз қалған мүлік мұраның ашылу орны бойынша коммуналдық меншікке өтеді. Коммуналдық меншікке өткен иесіз мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтарын иесіз қалған мүлік деп тану туралы, заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынылады:
· заңды күшіне енген сот актісі;
· банктік шот туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алу үшін сот актісі бойынша жүгінген адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.
3. Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру және зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару қалай жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде келесі шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:
1) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (бұдан әрі – МЗЖ), өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтініші болған кезде;
2) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында жасалған кастодиандық шарт болған кезде;
3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:
МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан аспаған жағдайда.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына әрі қарай беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не болмаса
сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспаған жағдайда;
4) ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспаған жағдайда;
5) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес сомада, Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді ескере отырып, БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына береді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда БЖЗҚ Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы емес.
Жұмыс істеп тұрған ИПБ тізімімен және олардың инвестициялық декларацияларымен «БЖЗҚ» АҚ сайтында танысуға болады.
Сол сияқты МЗЖ салымшылары, өздері үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар:
- ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алуға құқылы;
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі жүгінген кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген сомада өзіне зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ таңдау туралы өтініш беруге құқылы;
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі жүгінген кезде өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде) ИПБ өзгерту туралы өтініш беруге құқылы;
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі жүгінген кезде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару үшін (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде) өтініш беруге құқылы. Егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына бірнеше рет аударылған жағдайда, онда зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бастапқы берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтарылады;
- БЖЗҚ-дан ИПБ туралы ақпаратты және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға құқылы;
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі жүгінген кезде ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасынан аспайтын сомада өзіне ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ таңдау туралы өтініш беруге құқылы.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырған тұлғаларға мемлекет зейнетақы жинақтарының ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударылған күнінен бастап жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткенге дейінгі кезеңде жүзеге асырылған, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-да МЗЖ-ның, МКЗЖ-ның сақталуына кепілдік береді. ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспайтын шекте белгіленеді.
ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқару органы бекітеді.
Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің https://nationalbank.kz/ru/news/invest-portfel-brokery-i-dilery-cenbumagi/rubrics ресми интернет-ресурсында және жыл сайын БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында Көрсеткіштер / Инвестициялық қызмет бөлімінде жарияланады.
МЗЖ салымшысы, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлға зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру, бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға беру, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару мақсатында БЖЗҚ-ға БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, жеке жүгіну арқылы немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтініш береді.
БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру кезінде БЖЗҚ келесі іс-әрекеттерді орындауы тиіс:
1. Жеке кабинетте ЭЦҚ көмегімен не болмаса логин мен пароль бойынша (Интернет арқылы хабарлау тәсілі болғанда) авторизациялану. SMS-хабарлама арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау (ол болмаған жағдайда).
2. Жеке кабинеттегі «Қызметтер» шағын бөліміне өту.
3. «Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру» қызметін таңдау. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінен автоматты түрде пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорымен салыстырылады. Егер осы мәліметтердің кез келгені (мысалы, мекенжайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.
4. «Аудару шарттары» бөлімінде:
1) операция түрін (ИПБ таңдау не ИПБ өзгерту, не ҚР ҰБ-ға қайтару) көрсету;
2) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ немесе ЕЗЖ) аударғыңыз келетін, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау;
3) ұсынылып отырған ИПБ Анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын немесе ҚР ҰБ (зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ-ның сенімгерлік басқаруына қайтарған жағдайда) таңдау;
4) «ИПБ өзгерту» немесе «ҚР ҰБ-ға қайтару» операциясының түрін таңдаған жағдайда аударым мөлшерін («Ішінара аудару» немесе «Қосалқы шоттағы қаражат мөлшерінде») таңдау;
5) ішінара аудару кезінде сенімгерлік басқаруға аударылуға не ҚР ҰБ-ға қайтарылуға жататын соманы көрсету;
6) ұсынылған ақпаратпен танысу және келісетінін/келіспейтінін білдіру қажет.
5. Өтінішке жеке ЭЦҚ-мен қол қою.
6. Жеке кабинеттің Басты бетінде «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» деген шағын бөлімде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.
4. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?
Кодекстің 226-бабының 13-тармағына сай зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар оны жасаған күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының арасындағы айырмаға тең.
5. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына қалай аударуға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 225-бабының 1-тармағына сәйкес:
- міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (бұдан әрі - СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
1) зейнет жасына жеткен адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);
2) 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:
1) зейнет жасына жеткен адамдар:
ерлер – 63 жасқа толғанда;
әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);
2) өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.
МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай МКЗЖ төленген, 40 жасқа толған адамдар МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.
Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күнінде қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының (екі тұлға зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылғандардың бірі қайтыс болған жағдайда, екінші сақтандырылушы үшін СҰ-дан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Кодекстің 35-бабының 2-тармағының 15) тармақшасымен БЖЗҚ Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіпте МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуға міндетті екені белгіленген.
БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ның www.enpf.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылған.
Бұл ретте Кодекстің 226-бабының 11-тармағына сай СҰ сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
БЖЗҚ өтініш берушіге және (немесе) алушыға немесе сенім білдірілген адамға зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішті қабылдау және орындау мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, келесі жағдайларда жазбаша нысанда дәлелді жауап жібереді:
1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) зейнетақы аннуитеті шартында және (немесе) БЖЗҚ-ның дерекқорында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (бар болса), туған күніне, ЖСН-ге сәйкес келмеген жағдайда;
3) өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не өтініш берушінің және (немесе) алушының атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайда;
4) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күнге өтініш берушінің және (немесе) алушының немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болған жағдайда;
5) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішпен жүгінген күнге сенімхаттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда не сенімхат Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген, өтініш берушінің және (немесе) алушының атынан зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішке қол қою жөніндегі өкілеттік болмаған жағдайда (сенім білдірілген өкіл арқылы жүгінген жағдайда);
6) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын (бар болса) есепке алу үшін өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтінішті берген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасынан аз болған жағдайда;
7) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, өтініш берушіде және (немесе) алушыда мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігінің белгіленгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда;
8) егер өтініш беруші және (немесе) алушы қырық жасқа толған тұлға болып табылса, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш берген күні жиынтығында 60 (алпыс) күнтізбелік айдан кем МКЗЖ төленген жағдайда.
Кодекстің 228-бабының 1-тармағына сай БЖЗҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
6. БЖЗҚ-дан МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын төлеу шарттары (зейнет жасына толған адамдар үшін, мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін)
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне келесі тұлғалардың құқығы бар:
- әйелдер 61 жасқа толғанда (жас бойынша бұл норма 2028 жылға дейін қолданыста болады, 2028 жылдан бастап 2031 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);
- ерлер 63 жасқа толғанда;
- мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік зейнетақыны - базалық және ортақ зейнетақыны және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыны қамтыған, жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау үшін жалпыға белгіленген зейнет жасына жеткен адамдар «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) бөлімшесіне бір өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгінсе, жеткілікті болмақ.
Мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ бөлімшесіне немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда БЖЗҚ-ның сайтындағы жеке кабинет арқылы өтінішпен жүгінуі тиіс. Жеке кабинетте «Қызметтер» - «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімін таңдау қажет. Сол жерде қажетті құжаттардың толық тізбесін табуға болады. Өтініш жасалған күн БЖЗҚ-да құжаттарды қабылдау не түсу күні болып есептеледі.
Сонымен қатар, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берген кезде өтінішке QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады.
Бұл үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіру керек, сол жерде көрсетілген қызметтерді таңдау кезінде «QR-мен қол қою» батырмасы қосылған. Аталған қол қою тәсілі eGov mobilе қосымшасымен интеграциялау негізінде іске асырылып отыр, сондықтан пайдаланушы бұл қосымшаны өз ұялы телефонына орнатып, авторизациялануы керек. «QR-мен қол қою» батырмасын басқаннан кейін БЖЗҚ серверіне сілтеме беретін QR-код құрылады. Аталған QR-кодты eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен сканерлеу керек, мобильді қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында QR-кодтарды оқуға арналған белгіше бар. QR-кодты сканерлегеннен кейін қол қойылатын құжатты көрсететін терезе ашылады. Әрі қарай, «Қол қою» батырмасын басып, пайдаланушы құжатқа қол қоюды аяқтауы керек. Нәтижесінде «Қол қою сәтті аяқталды» деген хабарлама шығуы керек: зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішті «Менің өтініштерім» бөлімінен көруге болады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленеді. Бұл ретте зейнетақы төлемін алуға өтініш берген күн болып есептеледі:
• зейнет жасына толған, МЗЖ салымшылары, өздері үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғалар үшін - Мемлекеттік корпорацияда алушының өтініші тіркелген күн. Бұл ретте, егер өтініш зейнет жасына толғаннан кейін тіркелген жағдайда, өтініш берген күн өтініштің тіркелген күні болып есептеледі; егер өтініш зейнет жасына жеткенге дейін тіркелген болса, өтініш берген күн зейнет жасына жеткен күн болып есептеледі;
• егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін - БЖЗҚ-да құжаттарды қабылдау не түсу күні.
БЖЗҚ:
• егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын МЗЖ салымшыларының, өздері үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің сомасын – БЖЗҚ-да құжаттарды қабылдаған не түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аударады;
• зейнет жасына жеткен МЗЖ салымшыларының, өздері үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің сомасын - Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес, бірақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күнінен ерте болмайтын мерзімде алушылардың банктік шоттарына аударады.
Зейнетақы жинақтарының төлемдері тек зейнетақы төлемдерін алушының өзінің банктік шотына төленетінін назарда ұстаңыз.
Толығырақ ақпарат, оның ішінде қажетті құжаттардың тізімі БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz/ru/ сайтында ұсынылған.
7. Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) егер МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен (бұдан әрі - ЕЖШ) асса, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:
уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен ЕЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.
ЕЖШ ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.
ЕЖШ жынысына қарамастан әрбір жас үшін жеке есептеледі. ЕЖШ мөлшерлерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php;
2) егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.
Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (бұдан әрі - УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы төлемдерін алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс;
3) егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;
4) егер МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе ол еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса, онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы МЗЖ салымшысының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:
- жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 қаулысына сай БЖЗҚ-дан емделуге ақы төлеу мақсатында БЗТ-ны нысаналы пайдалану бойынша УО ретінде «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Отбасы банк) айқындалды.
БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды.
Авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.
БЗТ-ны емделу ақысын төлеуге пайдалану ҚР азаматтарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №ҚР ДСМ-18 «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
БЗТ алуға құқығы бар және емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Отбасы банкіне Отбасы банкінің интернет-ресурсы арқылы БЗТ алуға өтінішпен (бұдан әрі - Өтініш) жүгіне алады.
БЖЗҚ мен Отбасы банк электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) Отбасы банкінде арнайы шот ашып, Отбасы банкінің интернет-ресурсында ЭЦҚ арқылы авторизацияланып, өзінің жеке кабинетінде өзінің ЭЦҚ-мен куәландыра отырып, емделу ақысын төлеу үшін пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсете отырып, Өтініш беруі тиіс.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЭЦҚ-мен қол қойылатын Өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, ЖТС сомасы МЗЖ сомасын шегере отырып, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістен ұсталуы тиіс, яғни БЖЗҚ-ға аударылатын МЗЖ сомасына ЖТС салынбайды, осыған байланысты ЖТС зейнетақы төлемдерінің сомасынан ғана ұсталады) өз бетінше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауы тиіс:
1) төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
не болмаса
2) кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша зейнет жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде) ұстап қалу.
Отбасы банк Өтінішті қарастырғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.
Отбасы банкінен электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын Отбасы банкіне аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) Отбасы банкінде ашылған арнайы шотына аударады.
Осылайша, азаматтардың емделу ақысын төлеу мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды Отбасы банк қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді, бұған емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының алып қоюға қолжетімді сомасы туралы БЖЗҚ-дан мәліметтерді өз бетінше, онлайн түрде алу жағдайы кірмейді.
Инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша Кодексте көзделген мемлекет кепілдігі арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуын, инвестициялық кірістің және мемлекет кепілдігінің жоғалуын, сондай-ақ ЖТС мерзімінен бұрын есептелуін болдырмау үшін МЗЖ салымшыларына (зейнетақы төлемдерін алушыларға) БЗТ-ны пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз.
Өтініш бергенге дейін МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың Отбасы банкіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.
8. БЖЗҚ-дан жерлеуге берілетін біржолғы төлемге салық салынады ма?
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарынан төленетін, жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу тәртібі туралы хабарлайды.
2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізеді. Бұл біржолғы төлемге жеке табыс салығы салынбайды.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлеммен бірге қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 341-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сай жеке тұлғаның салық салуға жататын табысынан 94 еселенген АЕК мөлшеріндегі сома шегінде жерлеуге арналған төлем алынып тасталатындықтан, қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасына оны төлеу кезінде жеке табыс салығының стандартты 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынады.
9. Зейнеткерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы зейнетақы төлемдері қалай төленеді?
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 220-бабының 3-тармағының бесінші азат жолында көрсетілген, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын адамдар өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын мөлшерде БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) алу құқығына ие болады.
Бұл ретте жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС) сомасын ұстап қалу мен аударуды Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағына сай БЗТ сомасынан жеке тұлғаның таңдауы бойынша келесі тәсілдердің бірі арқылы БЖЗҚ жүргізеді:
1) Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіппен БЗТ жүзеге асырылған күннен кешіктірілмей, бір рет;
2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.
ЖТС ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлға БЖЗҚ атынан салық агентіне ұсынған, ЖТС ұстап қалу туралы өтініштің негізінде жүргізіледі.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар БЗТ алу үшін төмендегі шарттардың біріне сәйкес болса, жеткілікті екенін атап өткен жөн:
- егер алушының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асқан жағдайда;
- егер зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін (бұдан әрі - ОКАК) қамтамасыз еткен жағдайда. Бұл ретте, Әдістемеге сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін алушының ОКАК ай сайынғы зейнетақымен 40 пайызға тең болып қабылданды;
- егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда.
Сонымен қатар, егер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға бұрын БЗТ төленген болса және бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен БЗТ-дан ЖТС бойынша салық міндеттемелері болса, онда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЗТ сомасынан ЖТС сомасын ұстап қалу және аударуды Салық кодексінің 351-1 бабының 2-тармағына сәйкес БЖЗҚ жүргізетін болады.
10. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?
Әлеуметтік кодекстің 212-бабының 9-тармағының ережелеріне сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
Бұл ретте қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызды қайтару №472 Қағидада анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.
№472 Қағидаға сай қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қызметкердің (әскери қызметшінің) өтініші негізінде жүзеге асырылады.
№472 Қағидаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкер (әскери қызметші) бойынша республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды, содан кейін қайтарылуы тиіс соманы көрсете отырып, тізімді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.
Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер негізінде электрондық хабарламалар қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.
БЖЗҚ қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан (бұдан әрі – ЖЗШ) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №472 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары.
11. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары төлеміне кімнің құқығы бар?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 223-бабының 1-тармағына сай БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Кодекстің 223-бабының 3-тармағына сәйкес ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы дербес айқындайды. Елу жасқа толған алушы не мүгедектігі бар адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін жеке өзі жүгінген кезде БЖЗҚ-ға келесі құжаттарды ұсынады:
- БЖЗҚ-ның ішкі нормативтік құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі - төлемге өтініш);
- алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасында уақытша, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы - еңбек мигрантының жеке басын куәландыратын құжат ретінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген шетелдіктің шетелдік паспорты және бейрезиденттің ЖСН көшірмесі (бар болса) ұсынылады);
- алушының банктік шоты туралы мәліметтер;
- БЖЗҚ-ның ішкі нормативтік құжатымен бекітілген нысан бойынша кірісті түзетуді немесе салықтық шегерімді қолдануға берілетін өтініш.
Сондай-ақ, егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болған жағдайда Сіз www.enpf.kz интернет-ресурсында «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінде, «Қызметтер», әрі қарай «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» шағын бөлімінде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бере алатыныңызды хабарлаймыз.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының жеке зейнетақы шотындағы сомалар шегінде:
- белгіленген кесте бойынша (ай сайын, жыл сайын) төлемге өтініште алушы айқындайтын мөлшерде зейнетақы төлемдері түрінде төленеді. Алушы зейнетақы төлемдерінің кезеңділігі мен мөлшерін өзгертуге құқылы;
- төлемге өтініште алушы айқындайтын мөлшерде не толық көлемде бір рет төленеді. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін не қайтыс болған айды қоса алғанға дейін төленеді.
Біздің филиалдарымыздың жұмыс тәртібі мен түзімі, сондай-ақ орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен Интернеттегі www.enpf.kz web-сайтында, «Байланыстар», әрі қарай «Өңірлік желі» бөлімінде не болмаса келесі https://www.enpf.kz/ru/contacts/regionalnaya-set/index.php сілтемесі бойынша танысуға болады
12. Салымшының қайтыс болуына байланысты жерлеуге және мұрагерлікке зейнетақы жинақтары төлемін қалай ресімдеуге болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 220-бабының 4-тармағына, 221-бабының 3-тармағына және 223-бабының 2-тармағына сай БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Мұнымен қоса, Кодекстің 242-бабының 3-тармағымен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 3450*94 = 324 300 теңге) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізетіні белгіленген.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.
ҚР Үкіметі бекіткен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидасы жобасының ережелеріне сәйкес:
1) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жерлеуге арналған біржолғы төлем алуы үшін БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
- БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;
- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өтініш берген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.
Бұл ретте назар аударыңыз, жерлеуге арналған біржолғы төлем зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесі БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ғана төленеді, яғни БЖЗҚ-ға пошта байланысы арқылы немесе үшінші тұлға (сенім білдірілген өкіл) арқылы жүгінген кезде өтініш орындауға қабылданбайды.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленеді.
2) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын мұрагерлердің алуы үшін жеке өзі жүгінген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
- БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;
- мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
- мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұрагерлік мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
- мұрагердің банктік шоты туралы мәліметтер.
БЖЗҚ-дан мұрагерлік бойынша зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.
13. Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - БЗТ) мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асса, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:
уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.
Жеткіліктілік шегі ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.
Жеткіліктілік шегі әйелдер мен ерлер үшін бірдей болады және әрбір жас үшін есептеледі. Жеткіліктілік шегінің есептеулерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php;
2) егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен анықталатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.
Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.
3) егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;
4) егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса, онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс. БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:
- жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады.
БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды.
Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшада авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.
Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты «электрондық үкімет» порталында және мобильді қосымшасында тексеруге болады.
БЗТ алуға құқығы бар және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған УО-ға УО-ның интернет-ресурсы арқылы ЭЦҚ-мен қол қоя отырып, БЗТ алуға өтінішпен жүгінуі тиіс.
МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында өз өтінішінде БЗТ пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсетеді. УО МЗЖ салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) өтініштерін қарайды және мақұлдау туралы шешім қабылдайды, БЖЗҚ-дан УО-да ашылған алушылардың арнайы шоттарына БЗТ аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды, БЗТ-ның нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
БЖЗҚ мен УО электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен (https://enpf-otbasy.kz), «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен, «Altyn Bank» АҚ-мен, «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасады.
Бұл ретте МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЭЦҚ-мен қол қойылатын өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналары сомасынан ЖТС алынбайды) өз бетінше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауы тиіс:
1) төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
не болмаса
2) кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен) ұстап қалу.
БЗТ алушы жұбайын (зайыбын) және (немесе) жақын туыстарын пайдаланған жағдайда, тараптар УО-ның интернет-ресурсында өздерінің жеке кабинеттерінде БЗТ-ны басқаға беру туралы келісім жасайды, ол тараптардың ЭЦҚ-сымен куәландырылады, оған некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттар қоса беріледі.
УО 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді, онда төлемге қабылданған өтініш туралы мәліметтер, оның ішінде алып қою мақсаты, ТАӘ, ТК, ЖСН, МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) айқындаған мөлшердегі БЗТ сомасы, ЖТС ұстап қалу тәсілі туралы деректер қамтылады, электрондық хабарламаға МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЭЦҚ-мен қол қойылған, ЖТС ұстап қалу туралы өтініш қоса беріледі.
УО-дан электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын УО-ға аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) арнайы шотына аударады.
Тұрғын үй сатып алу немесе жеке тұрғын үй салу (жеке тұрғын үй салу деген нысаналы мақсаты бар жер телімін сатып алуды қоса алғанда) мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынатын салымды толықтыруды қоспағанда, БЗТ сомасы ол түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) Отбасы банкінде ашылған арнаулы шотында бола алады.
Бұл жағдайда алушы Отбасы банкіне БЗТ келіп түскен күннен бастап 3 жыл ішінде БЗТ-ның нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады. Қалған УО-да БЗТ сомасы ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бола алады.
Осы мерзім ішінде МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) УО-ға нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды ұсынуы тиіс не құжаттар көрсетілген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда УО БЗТ сомасын БЖЗҚ-ға қайтарады, БЖЗҚ оларды МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-на аударады.
Осылайша, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды УО қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді, бұған зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы БЖЗҚ-дан мәліметтерді өз бетінше, онлайн түрде алу жағдайы кірмейді.
Назар аударыңыз, УО-дан электрондық хабарлама келіп түскеннен кейін бұл сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруынан алынады, тиісінше оған инвестициялық кіріс есептелу тоқтатылады, содан кейін МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасы УО-ның арнайы шотына аударылады.
Бұдан бөлек, инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша Кодексте көзделген мемлекет кепілдігі арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды. Сондай-ақ БЖЗҚ-дан БЗТ сомасынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес ЖТС есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.
Осыған сүйене отырып, БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуын, инвестициялық кірістің және мемлекет кепілдігінің жоғалуын, сондай-ақ ЖТС мерзімінен бұрын есептелуін болдырмау үшін МЗЖ салымшыларына (зейнетақы төлемдерін алушыларға) БЗТ-ны пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз.
Өтініш бергенге дейін зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың УО-ға уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.
1. Қазақстанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім ұсынады?
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 наурыздағы №62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №249 бұйрықтарымен бекітілген, 2023 жылғы 26 мамырда күшіне енген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл регламентіне (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 163, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 304 бірлескен бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Регламентке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің еңбек өтілін растау бойынша Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдар – «БЖЗҚ» АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және олардың аумақтық бөлімшелері;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органынан Қазақстан Республикасы аумағында еңбек етіп жүрген еңбекшінің жұмыс өтілі туралы «Сұрату» формуляры келіп түскен кезде:
- 1998 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органы сұрату жіберген мүше мемлекеттің құзыретті органына ақпараттық жүйеде бар, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер негізінде «Жұмыс өтілі туралы» формулярды қоса бере отырып, жауап жібереді;
- 1992 жылғы 13 наурыздан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде жұмыс берушіден (оның құқықтық мирасқорынан) немесе мұрағат мекемелерінен қажетті мәліметтерді, құжаттарды талап ету жөнінде іс-шаралар жүргізеді, оларды алғаннан кейін «Жұмыс өтілі туралы» формулярды толтыру арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органына жібереді.
Естеріңізге саламыз, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және еңбекшілер мен отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.
Келісім ережелеріне сәйкес:
- еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады (3-бап);
- Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады (1-бап);
- еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақыны тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына арналған дәл сондай шарттарда жүзеге асырылады (3-бап);
- Келісім шеңберінде тағайындалатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында анықталған.
2. Келісімге қатысты жалпы ақпарат беруге болады ма?
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 желтоқсанда ратификациялаған, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.
Келісім халықаралық шарт болып табылады, ол еңбекшілер мен отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.
Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының) зейнетақы құқықтарын қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс дегенді білдіреді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер:
Армения Республикасы (АР);
Беларусь Республикасы (БР);
Қазақстан Республикасы (ҚР);
Қырғыз Республикасы (ҚР);
Ресей Федерациясы (РФ).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР МЕН ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНДАР
Қазақстан Республикасында Келісімді іске асыру бойынша:
уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
құзыретті органдар – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары, еңбекшілерді (отбасы мүшелерін), зейнетақы жинақтарының мұрагерлерін (құқықтық мирасқорларын) не олардың өкілдерін қабылдау және олардан алынған құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды дайындау, өңдеу, зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы) туралы шешімдер қабылдау, зейнетақы төлеуді (жеткізуді) ұйымдастыру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің еңбек өтілін растау бойынша;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің еңбек өтілін растау бойынша.
ЕАЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
• ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады
• ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен еңбекшіні тартқан Қазақстан Республикасының жұмыс берушісі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударады.
• мүше мемлекеттің еңбекшісінің және отбасы мүшелерінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекеттің еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен айқындалады.
ЕАЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУ
• Еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақыны тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына арналған дәл сондай шарттарда жүзеге асырылады.
• Келісім қолданылатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында анықталған.
Қазақстан Республикасында Келісім зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылатын, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне қолданылады:
зейнеткерлік жасқа жеткенде;
егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде;
мұрагерлерге біржолғы төлем төленгенде.
• ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет өз заңнамасы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбекшінің өз аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлейтін болады.
• Жинақтаушы зейнетақыны, сондай-ақ мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақыларын қоспағанда, Келісімге сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында жиналған жұмыс өтілі кемінде 12 толық ай болған кезде туындайды, бұл мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбекші (отбасы мүшесі) зейнетақы тағайындауға ниет білдіреді.
• Жинақтаушы зейнетақыны, сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақысын алу құқығы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.
• Еңбекші (отбасы мүшесі) зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін тұрғылықты мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) жұмысқа орналастырушы мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқылы.
3. Түсіндіріп беруіңізді өтінемін, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатсыз еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары ҚР-да міндетті зейнетақы жарналарын қай кезеңнен бастап төлеуі тиіс?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие.
Мұнымен қоса, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында уақытша жүрген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасымен 2020 жылғы 7 желтоқсанда ратификацияланған Келісімнің нормалары қолданылады.
Келісім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, сондықтан еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде ЕАЭО елдерінен (атап айтқанда Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбекшіні тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбекшінің ай сайынғы табысының 10%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударады.
4. Қазақстан Республикасында уақытша жұмыс істейтін (тұруға ықтиярхатсыз/бейрезидент) Ресей Федерациясының азаматы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-мен МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға міндетті ме?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығына ие болады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Келісім халықаралық шарт болып табылады, оның нормалары еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында басқа ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттерге уақытша келетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, азаматтарына қолданылады.
Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбекшісінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекеттің еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен айқындалады.
Келісімнің 2-бабына сай ЕАЭО елдері еңбекшілерінің - азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Келісімнің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады.
Осылайша Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында уақытша жүрген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары ҚР азаматтары сияқты міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен аудару арқылы өз зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті.
Бұл ретте қызметкерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматына, соның ішінде РФ азаматына) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ төлеу үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаудың қажеті жоқ, өйткені жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ деректері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен, пайдасына МЗЖ және (немесе) МКЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде автоматты түрде ашылады.
5. Мен Ресей Федерациясында 4 жылдан астам 2020 жылға дейін жұмыс істедім, жұмыс беруші ай сайын РФ Әлеуметтік қорына сақтандыру жарналарын аударып отырды. Мен бұл жинақтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ескере отырып, Ресейдің Әлеуметтік қорынан ҚР БЖЗҚ-ға жинақталған сақтандыру жарналарын аудару арқылы ала аламын ба?
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағының ережелеріне сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін және отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру олар тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ ЕЭАО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. Мұндай халықаралық шарт 2021 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Келісім болып табылады.
Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруі тиіс.
Мысалы, Ресей Федерациясы (РФ) заңнамасының талаптары бойынша жұмыс істейтін азаматтар, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары – шетелдіктер үшін жұмыс берушілер міндетті түрде өз қаражаты есебінен РФ зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударады, алайда Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі үшін РФ-да тұрақты тұрмайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының зейнетақы алу құқығы жоқ.
Егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін РФ-да жұмысын жалғастырса не Келісім күшіне енгеннен кейін еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасаса, онда Келісімнің 2-бабы шеңберінде РФ тағайындайтын зейнетақы түрлеріне осы азаматта Келісім нормаларын қолдана отырып, РФ заңнамасының шарттары бойынша ғана құқығы болады.
Бұл ретте Келісім күшіне енгенге дейін жұмыс берушілердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының пайдасына жүзеге асырылған барлық зейнетақы аударымдары РФ-ның зейнетақы жүйесінде қалады.
Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) ресми жұмысқа орналасу шартымен, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті түрде төлеу арқылы еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылатынын атап өткен жөн.
Баяндалғанды ескере отырып, Сіздің пайдаңызға РФ Әлеуметтік қорына жұмыс берушінің жүзеге асырған зейнетақы (сақтандыру) жарналарын БЖЗҚ-ға аудару мүмкіндігі РФ мен Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылмағанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, ЕАЭО елдерінің зейнетақы жүйелері арасында зейнетақы жинақтарын аудару да Келісімнің нормаларында қарастырылмаған.
Мысалы, ЕАЭО-ға мүше мемлекетте еңбек қызметі тоқтатылған кезде, егер азаматтың зейнетақы тағайындау құқығы туындамаса, онда бұл жағдайларда зейнетақы жарналары жұмысқа орналастырушы елдің талаптары бойынша зейнетақы алу құқығы туындағанға және азаматтың зейнетақы алу үшін ЕАЭО елінің құзыретті органына өтініш бергенге дейін жұмысқа орналастырушы елдің зейнетақы жүйесінде қалады.
6. Мен ҚР азаматтығын алдым (бұрын Қырғызстан азаматы болғанмын). Қырғыстандағы ресми еңбек өтілім 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін 5 жыл. Мен Қазақстанға аудару арқылы Қырғызстандағы еңбек өтіліме зейнетақы ресімдей аламын ба?
Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабында зейнетақы тағайындау және төлеу келесі тәртіппен жүзеге асырылатыны көзделген:
- Келісім күшіне енгеннен кейін жиналған жұмыс өтілі үшін аумағында тиісті жұмыс өтілі жиналған ЕАЭО-ға мүше мемлекет зейнетақы тағайындайды және төлейді;
- Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және зейнетақымен қамсыздандыру саласында 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Демек, Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) ресми жұмысқа орналасу шартымен, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті түрде төлеу арқылы еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылады.
7. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастырған ЕАЭО елінің еңбекшісі, азаматы қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасында жинақталған жарналардың жағдайы не болады? Оның жинақтары мұрагерлерге беріледі ме?
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы, еңбекшісі қайтыс болған жағдайда, оларды біржолғы алу құқығы БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынылған кезде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арқылы мұрагерлеріне ауысады.
8. БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қандай құжаттарды сұратуы тиіс?
Қызметкердің табысынан зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қосымша құжаттарды сұрамайды, өйткені қажетті деректер (ТАӘ/ТК) жұмыс берушіде бұрын ұсынылған (қызметкер жұмысқа тұрған кезде) жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдіктің, ЕАЭО елі азаматының шетелдік паспортының), сондай-ақ бейрезиденттің ЖСН негізінде бар болуы тиіс.
9. Егер қызметкер БЖЗҚ-мен 2021 жылғы 1 ақпанда шарт жасаса, 2021 жылғы қаңтар үшін зейнетақы жарналарын ұстап қалу керек пе? Егер қызметкер БЖЗҚ-мен 2021 жылғы 15 ақпанда шарт жасаса, жарнаны қалай дұрыс ұстап қалуға болады? 15 ақпанға дейінгі кезеңде ақпан айы үшін жарна ұстау керек пе? Шетелдік қызметкердің БЖЗҚ-мен шарт жасауына байланысты жарнаны ұстау тәртібі өзгере ме?
Зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) талаптарын және мерзімдерін басшылыққа алған жөн.
Келісімнің 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін назарға ала отырып, Қағидаларда көзделген мерзімдерде жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға еңбекшінің ай сайынғы табысының (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) 10%-ы мөлшерінде тұрақты түрде МЗЖ аудару міндеті еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алған табысы үшін туындайды.
10. Еңбек қатынастарының тоқтатылуына байланысты еңбекші жұмысқа орналастырушы мемлекеттен тұрғылықты тұратын мемлекетке оралған кезде, БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар ма? Оларды алудың тәртібі қандай?
Келісімнің 2-бабында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, еңбекшілері алуына болатын зейнетақы түрлері анықталған.
Қазақстан Республикасында бұл - зейнеткерлік жасқа толған кезде, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтардағы мүгедектік белгіленген кезде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері.
Келісімнің 3-бабына сәйкес еңбекшілерге зейнетақыны тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына арналған дәл сондай шарттарда жүзеге асырылады.
Зейнетақыны ресімдеу ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырылатын болады.
11. Егер шетелдік қызметкер БЖЗҚ-мен шарт жасамаған болса, жұмыс беруші жауапкершілікке тартыла ма?
Келісімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарының, еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылатыны белгіленген.
Жұмыс берушіден МЗЖ және (немесе) МКЗЖ-ның бастапқы сомасы келіп түскен кезде БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ автоматты түрде ашылатынын ескеретін болсақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматы - қызметкеріне мұндай шарт түрін жасаудың қажеті жоқ. Демек, Қазақстан Республикасында жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қызметкерлер бойынша да, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты да БЖЗҚ-ға МЗЖ, МКЗЖ уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған МЗЖ, МКЗЖ-ны бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабының 11-тармағына сәйкес МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) Кодекстің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
МЗЖ - міндетті зейнетақы жарналары МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
МКЗЖ - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер (жұмыс берушілер) кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Өндірістік объектілерді аттестациялау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлемейді.
ЖЗШ - жеке зейнетақы шоты
ЕАЭО - Еуразиялық экономикалық одақ.
1. Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар немесе тәуелсіз жұмыскерлер – жеке кәсіпкерлерді (ЖК), жеке практикамен (ЖП) айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын, акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз табыс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметтерді дербес түрде жүзеге асыратын жеке тұлғалар. Басқаша айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар - жұмыс берушілермен ресми түрде еңбек шартын жасамай-ақ, табыс табатын тұлғалар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) құрамында өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аудара алады.
БЖТ мөлшері:
республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (2023 жылы 3 450,00 теңге);
басқа елдімекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (2023 жылы 1 725,00 теңге).
БЖТ міндетті төлем түрлерінің төрт түрін біріктіреді:
- БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары (БЖТ жалпы сомасының 30%-ы); • жеке табыс салығы (БЖТ жалпы сомасының 10%-ы);
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (БЖТ-дан 20%);
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар (БЖТ-дан 40%).
Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің басты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету.
БЖТ енгізілуімен аталған тұлғалар барлық төлемдерді төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылықтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз түрде медициналық қызметтерге қол жеткізуді жатқызуға болады.
БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілер үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі пайда болды.
Жүйеге қатысушы еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған және жүктілік пен босану, бала асырап алу, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер ала алады.
Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір мезгілде келесі шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады:
1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) салық агенттері болып табылмайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлғаларға ғана қызметтерді көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады. Бұл ретте Салық кодексінің 774-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде БЖТ төлеушінің алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.
Жеке тұлғалар осындай төлем төленген күннен бастап БЖТ төленген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады. Келесі тұлғалар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды:
1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ, сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында Салық кодексінің 774-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
6) Келесі қызмет түрлерін:
консультациялық және маркетингтік қызметтерді;
бухгалтерлік есепке алу және аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті; цифрлық майнингті жүзеге асыру және (немесе) цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
7) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін адамдар. Агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.
1. Деректемелерді қалай өзгертуге болады?
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар (бұдан әрі - алушы):
1) БЖЗҚ-ның міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растау құжаттарын ұсына отырып, БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті. БЖЗҚ-ның міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін өзгерістерге келесілер жатады: - бұрын БЖЗҚ-ға ұсынылған ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірінің, электрондық мекенжайының (e-mail) өзгеруі; - зейнетақы төлемдерін алу мақсатында БЖЗҚ-ға ұсынылған зейнетақы төлемдерін алушының банктік деректемелерінің өзгеруі;
2) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін қолданылатын жеке параметрлердің (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі, басқалар) сақталуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге міндетті;
3) қасақана және/немесе байқаусызда жасалған әрекеттер нәтижесінде жеке параметрлерге қол жеткізген үшінші тұлғалардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі, басқалар) алу үшін қолданылатын жеке параметрлерді пайдаланғаны үшін жауапкершілік алуға міндетті;
4) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті. БЖЗҚ сенім білдірілген тұлғаның БЖЗҚ-ға зейнетақы қызметтерін алуға жүгінген кезінде сенімхатта сенім білдірушінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін міндетті түрде көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.
ДЕРЕКТЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ:
1) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын өзінің құжатын ұсына отырып, БЖЗҚ-ға өзі келіп, жүгінуі (сәйкестендіру үшін);
2) сенім білдірілген тұлғаның өзінің жеке басын куәландыратын құжатын (сәйкестендіру үшін), нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшірмесін, атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін ұсына отырып БЖЗҚ-ға жүгінуі;
3) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өзінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін ұсына отырып, электрондық пошта арқылы жүгінуі;
4) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өзінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін ұсына отырып, пошталық байланыс арқылы жүгінуі.
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi. БЖЗҚ-ға келесі құжаттар: нотариат куәландырған сенімхат/шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің және басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылған жағдайда құжаттардың мемлекеттік не орыс тілдеріне аудармасы, оның ішінде алушының тұрғылықты мемлекетінде шет тілінде жасалған шетелдік нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның және аудармашының барлық куәландырушы жазбаларының (оның ішінде нотариустың зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште алушының қолының түпнұсқалығын куәландырғаны туралы) мемлекеттік не орыс тіліне аудармасы болуы қажет. Бұл ретте, егер алушының тұрғылықты мемлекетінің заңнамасында өзгеше көзделмесе, аударма тігілуі (аударма жасалған құжатпен бірге бекітілуі) тиіс, ал құжаттардың тігілген немесе бекітілген орны нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның мөрімен куәландырылуы тиіс. Сондай-ақ шетелдік нотариустың жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттері, оның ішінде алушының, аудармашының қолын куәландыру, құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру, сенімхатты куәландыру кезінде жасалған іс-әрекеттер заңдастырылуға не апостильдеуге жатады. Қазақстан Республикасының аумағында заңдастырылған не апостиль қойылған құжаттар аударылған жағдайда аудармашының қолы немесе нотариус немесе өзге уәкілетті тұлға жасаған аударманың дұрыстығы нотариалды куәландырылады.
1. БЖЗҚ-да, ҚРҰБ-да және ИПБ-да қандай комиссиялық сыйақы бар?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 58-бабына сәйкес:
1. БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысының шамасы айына зейнетақы активтерінің 0,008 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын, 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштің және тиісті күнтізбелік айдың 1-і күнгі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-да ашылған МЗЖ есепке алу бойынша зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ санының көбейтіндісі ретінде айқындалатын шамадан аспайтын болып белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы жыл сайын бекітеді. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасын осы ұйымның басқарушы органы жыл сайын бекітеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасы жылына бір реттен жиі өзгертілмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2023 жылғы 31 шілдедегі №55 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2023 жылға арналған комиссиялық сыйақысының шамасы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс сомасының 1,5%-ы мөлшерінде белгіленген.
Инвестициялық портфельді басқарушылар бойынша 2023 жылға арналған комиссиялық сыйақының шамасы келесідей:
«BCC Invest» АҚ – инвестициялық кірістің 7%-ы мөлшерінде;
«Halyk Global Markets» АҚ - инвестициялық кірістің 7%-ы мөлшерінде;
«Jusan Invest» АҚ - инвестициялық кірістің 5%-ы мөлшерінде;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ - инвестициялық кірістің 7,5%-ы мөлшерінде;
«Halyk Finance» АҚ - инвестициялық кірістің 5%-ы мөлшерінде.
2. Инвестициялық кіріс сомасы неге өзгереді?
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 49 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - №49 Қағида) сәйкес БЖЗҚ салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ЖЗШ-дағы МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының есебін аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын апта сайын қайта бағалау жолымен жүзеге асырады.
БЖЗҚ шартты бірліктің құнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері және әрбір ИПБ тұрғысынан сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері бойынша жеке есептейді.
ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарын қайта бағалау нәтижесінде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы мүмкін.
Инвестициялау нәтижесінде туындайтын инвестициялық кіріс тұрақты емес шама болып табылады, яғни белгілі бір кезеңге сыйақы мөлшері нақты айқындалған банктердің депозиттік шарттарында көзделгендей, қатаң белгіленген шама болып табылмайды және көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына және валюта бағамының өзгеруіне байланысты болады.
Зейнетақы жинақтары - бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кемінде 1 (бір) жылдағы кезең үшін талдау орынды болмақ.
Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т. б.) – көрсеткіш болып табылмайды, өйткені олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты болады.
Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының өз инвестициялық кірісін enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге мүмкіндігі бар, сонымен қатар БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша және БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты алуына болады, ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
3. Инвестициялық кіріс қалай есептеледі?
Салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-на сома түскен кезде, түскен сома сомалар түскен күннің басындағы ағымдағы құн бойынша айқындалатын шартты бірліктердің баламалы санына қайта есептеледі.
ШБ - бағамы есептелген инвестициялық кіріске (залалға) байланысты болатын, активтерді инвестициялау нәтижесінде олардың өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы.
Инвестициялық кіріс апта сайын салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) ЖЗШ-сына нақты түскен: жарналар, аударымдар, жарналар бойынша өсімпұл сомаларына ғана есептеледі. Зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің ағымдағы құны бойынша төлемдер, аударымдар кезінде есептелген инвестициялық кірісті қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы анықталады, содан кейін ол салымшыға (зейнетақы төлемдерін алушыға) төленеді.
1. МЗЖ қандай мерзімде аударылады?
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 248-бабының 9-тармағына сәйкес, ұсталған (есепке жазылған) МЗЖ, МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкімет анықтаған тәртіпте Мемлекеттік корпорацияға аударылады. МЗЖ, МКЗЖ төлеуді:
1) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын тұлғалар, қызметкерлерге төленген табыстардан, сондай-ақ мәні жұмысты орындау (қызмет көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген табыстардан - табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей жүзеге асырады;
2) жеке кәсiпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жеке кәсіпкерлерден басқа), шаруа немесе фермерлік қожалықтар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады;
3) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінде патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады;
5) сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
6) осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдар - егер Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінде өзгеше көзделмесе, кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер (Салық кодексі)» кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүзеге асырады.
МЗЖ аудару бойынша ақпаратпен Қордың сайтында (www.enpf.kz) «Қызметтер» бөлімінде танысуға болатынын қосымша хабарлаймыз.
2. БЖЗҚ-ға МЗЖ қандай мерзімде түседі?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 «МЗЖ, МКЗЖ есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу (11, 12-тармақтар) қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қаулысына сай Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, оның ішінде берешек аударылады, Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес МЗЖ аударады.
МЗЖ салымшыларының МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, МЗЖ салымшыларының МЗЖ сомасы БЖЗҚ-ға үш жұмыс күні ішінде аударылатынын хабарлаймыз.
Аударылған зейнетақы жарнасы болмаған жағдайда, ақпаратты нақтылау үшін зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге кеңес беру қажет. Сондай-ақ, 1418 телефоны бойынша қоңырау шалуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
3. Белгілі бір адамға ЖК ресімделді, бірақ бұл адам осы ЖК-де жұмыс істемейді. Сұрақ: бұл адам үшін БЖЗҚ-ға аударымдар жасау қажет пе?
МЗЖ Әлеуметтік кодексте[1], Салық кодексінде[2] және №525 Қағидада[3] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-ға төленеді.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 4-тармағының
1) тармақшасына сай МЗЖ төлеуді, ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар ӨЗ ПАЙДАСЫНА, ӨЗ БЕТІНШЕ ТӨЛЕЙДІ.
Бұл ретте ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дағы МЗЖ ҚР Әлеуметтік кодексінде анықталатын мөлшерлемелер бойынша төленуі тиіс.
МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі (ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 8-тармағы).
МЗЖ төлеуден келесі тұлғалар босатылатынына назарыңызды аударамыз:
1) зейнет жасына жеткен адамдар (ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес);
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу аталған тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 11-тармағына сай, ҚР Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
[1] Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
[2] Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексі
[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
4. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда МЗЖ төлеуден босатылады ма?
5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуден босатылмайды.
ҚР Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248-бабының 3-тармағына сай:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден келесі тұлғалар босатылады:
1) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 61 жасқа толғанда (жас бойынша бұл норма 2028 жылға дейін қолданыста болады, 2028 жылдан бастап 2031 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады));
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
1. Жеке зейнетақы шоты қалай ашылады?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде ашылады.
БЖЗҚ-да жеке тұлғаның МЗЖ немесе МКЗЖ есепке алу үшін ашық жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі - ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен, агенттің БЖЗҚ-ға аударған МЗЖ немесе МКЗЖ бастапқы сомасы (ЖЗШ ашудың өтінішсіз сипаты) негізінде ашылады. ЖЗШ ашудың өтінішсіз сипаты 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап – міндетті зейнетақы жарналарына қатысты; 2021 жылғы 1 мамырдан бастап – ерікті зейнетақы жарналарына қатысты; 2021 жылғы 26 қазаннан бастап - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына қатысты қолданылады.
1. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай аударылады?
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде келесі шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:
1) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, ИПБ таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтініші болған кезде;
2) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында жасалған кастодиандық шарт болған кезде;
3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары: МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан аспаған жағдайда.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына әрі қарай беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып анықталады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не болмаса сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспаған жағдайда;
4) ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспаған жағдайда;
5) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген ИПБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес сомада, Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шектеулерді ескере отырып, БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына береді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда БЖЗҚ Кодекстің 37-бабының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы емес.
Жұмыс істеп тұрған ИПБ тізімімен және олардың инвестициялық декларацияларымен БЖЗҚ-ның сайтында (www.enpf.kz) «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.
2. Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына (басқаруынан) аудару/қайтару
Өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін бір немесе бірнеше басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушыларға - ИПБ) аударуға шешім қабылдай отырып, ең алдымен www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде не болмаса https://www.enpf.kz/ru/services/Invest/ сілтемесі бойынша жұмыс істеп тұрған ИПБ тізбесімен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеп шығуға кеңес береміз.
Сондай-ақ салымшы БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде, әрі қарай «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» шағын бөлімінде не болмаса https://www.enpf.kz/ru/services/Invest/register.php сілтемесі бойынша жұмыс істеп тұрған ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен таныса алады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) аударылған жеке тұлғаның ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:
- МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен күнге осы тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан (50%) аспауы тиіс.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына одан кейін беру кезінде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі ескеріле отырып, бұрын берілген зейнетақы жинақтары есепке алынып анықталады (өтініш беру зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі);
не болмаса - сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ЕЗЖ есепке алуға арналған ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспайды.
Әрі қарай зейнетақы жинақтарын аудару үшін немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) сенімгерлік басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтінішпен (өтініш) жүгінуі тиіс, өтінішті enpf.kz сайтында Жеке кабинет арқылы не болмаса БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі келгенде бере алады.
Жеке өзі жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжатты не болмаса цифрлық құжаттар сервисі арқылы оның цифрлық (электрондық) нұсқасын көрсетіп, тиісті өтінішке қол қою қажет.
Біздің филиалдарымыздың жұмыс тәртібі мен түзімі, сондай-ақ орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен Интернеттегі www.enpf.kz web-сайтында, «Байланыстар», әрі қарай «Өңірлік желі» бөлімінде не болмаса келесі https://www.enpf.kz/ru/contacts/regionalnaya-set/index.php сілтемесі бойынша танысуға болады.
Www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру кезінде келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
1. Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен не болмаса логин мен пароль бойынша авторизациялану. Жеке кабинетке сайттың бас парақшасынан не болмаса «Электрондық сервистер» бөлімінде кіруге болады.
2. Жеке кабинеттің басты бетінде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ және (немесе) ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізу.
3. БЖЗҚ-ның сайтында Жеке кабинетте авторизациядан өткеннен кейін «Қызметтер» бөлімінде «Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы немесе инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру» қосымша бетіне өту.
4. Өтініштің электрондық нысанын толтырар алдында «Иә» немесе «Жоқ» деген батырмаларды басу арқылы зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды растауды талап ететін хабарлама шығады. Салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорынан автоматты түрде пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорымен салыстырылады. Егер осы мәліметтердің кез келгені (мысалы, мекенжайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.
5. «Аудару шарттары» блогында:
1) операция түрін (ИПБ таңдау не ИПБ өзгерту, не ҚР ҰБ-ға қайтару) көрсету қажет;
2) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ немесе ЕЗЖ) аударғыңыз келетін, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау;
3) ұсынылып отырған ИПБ Анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын немесе ҚР ҰБ (зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтарған жағдайда) таңдау;
4) «ИПБ өзгерту» немесе «ҚР ҰБ-ға қайтару» операциясының түрін таңдаған жағдайда аударым мөлшерін («Ішінара аудару» немесе «Қосалқы шоттағы қаражат мөлшерінде») таңдау;
5) ішінара аудару кезінде сенімгерлік басқаруға аударылуға не ҚР ҰБ-ға қайтарылуға жататын соманы көрсету;
6) ұсынылған ақпаратпен танысу және келісетінін/келіспейтінін білдіру.
6. Өтініштің барлық өрістерін толтырғаннан кейін барлық деректемелердің дұрыстығын тексеру қажет. Қажет болған жағдайда ЭЦҚ кілтімен қол қойылғанға дейін зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы өтініштің күшін жоюға болады.
7. Жеке кабинеттің Басты бетінде «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» деген шағын бөлімде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.
БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі (бар болса) Ұлттық банктің басқаруында болады.
ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары алып қоюға болатын біржолғы зейнетақы төлемдеріне жатпайды және ИПБ-ға аудару сәтінде оларға жеке табыс салығы салынбайды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ-ның инвестициялық декларациясында көзделген, Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген, рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Кодекске сәйкес ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ-ның сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқару органы бекітетін болады және жылына бір реттен жиілетпей, өзгеруі мүмкін.
Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы:
- жылына бір реттен жиілетпей, өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге;
- ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ-ның сенімгерлік басқаруына қайтару үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде) құқылы.
Салымшы зейнет жасына жеткеннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салымшының зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ-ның инвестициялық басқаруына қайтарылады.
Кодекстің 217-бабына сәйкес салымшы зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақы жинақтары ҚР ҰБ басқаруында болған кезеңде инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған кезде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта жұмыс істейтін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланатын болады.
3. Сақтандыру ұйымынан берілген зейнетақы жинақтарын қалай қайтаруға болады?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 226-бабының 8-тармағымен басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда сақтанушының (сақтандырылушылардың - екі тұлға зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда) бастамасы бойынша, бірақ зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап екі жылдан ерте болмайтын мерзімде не шетелдік болып табылатын сақтанушы (сақтандырылушы) немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда ғана зейнетақы аннуитеті шартын бұзу мүмкін болатыны көзделген.
БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару үшін салымшы (алушы) салымшымен (алушымен) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс.
Зейнетақы анниутеті шартын бұзу кезінде:
1) ол (олар) көздеген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру ұйымының істі жүргізуге арналған шығыстарының сомасын шегергендегі төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауы тиіс;
2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты күніне қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Басқаша айтқанда, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмайтын айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома сақтандыру ұйымында қалуы тиіс.
4. ЗЖ-ны ИПБ-ға аудару туралы өтініштің орындалу мәртебесін қай жерде қадағалауға болады?
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударуға берілген өтініштің мәртебесін БЖЗҚ-ның веб-сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» деген бетбелгіде қадағалауға болады.
МЗЖ есептеу және аудару тәртібі туралы толық ақпаратпен Қордың www.enpf.kz сайтында танысуға болады.
5. ЗЖ-ны ИПБ-ға қалай беруге болады?
ЗЖ-ны ИПБ-ға беру үшін Сіз БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы Жеке кабинет арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өтініш жасаған кезде өтініш беруіңіз қажет.
Жеке өзіңіз келгенде немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы Жеке кабинет арқылы өтінішті келесі қызметтер бойынша беруге болады:
- зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан ИПБ-ға беру туралы;
- зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға беру туралы (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде);
- БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке өзі жүгінген кезде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап бір жылдан ерте болмайтын мерзімде) өтініш бере алады.
Бүгінгі таңда 5 басқарушы компанияның зейнетақы активтерін басқару үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бекітілген талаптарына сәйкес келетін, инвестициялық портфельді сенімгерлік басқаруға лицензиялары бар екенін мәлімет ретінде хабарлаймыз, атап айтқанда:
1. « First Heartland Jysan Invest» АҚ
2. «BCC Invest» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы;
3. «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның ЕҰ);
4. «Қазақстан Халық банкі» АҚ ЕҰ «Halyk Finance» АҚ;
5. «Сентрас Секьюритиз» АҚ.
Қор тұтынушыларына ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарттар жасаған басқарушы компаниялардың тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында танысуға болады, сондай-ақ қадамдық нсұқаулық орналастырылған.
1. БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) дербес деректерін жинау және өңдеу үшін келісімдері неліктен қажет?
Қазіргі кезде көптеген қызмет түрлерін алған кезде мемлекеттік және қаржылық құрылымдар пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін сұрайды. Салымшы (алушы) enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында Жеке кабинетіне кірген кезде БЖЗҚ осындай келісім беру туралы неге бір рет сұраныс жасайтынын біліп жүрейік.
БЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауға міндетті.
Заңға сәйкес меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ, үшінші тұлға дербес деректерді жинау мен өңдеуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырады. Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында (7-бабының 1-тармағы) көзделген жағдайлар бұған жатпайды. Атап айтсақ, егер ақпаратты жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, дербес деректерді жинау және өңдеу әкімшілік құқық бұзушылық, атқарушылық іс жүргізу туралы істерді қозғап, қарайтын құқық қорғау органдарының, соттардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру үшін қажет болса, сондай-ақ, мемлекеттік органдар дербес деректерді міндетті түрде иесіздендіру шартымен статистикалық мақсаттар үшін пайдаланған кезде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар.
Дербес деректер туралы заңның 1-бабына сәйкес «Дербес деректерді өңдеу» ұғымы дербес ақпаратты жинауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға бағытталған әрекеттерді білдіреді. Бұл әрекеттерді БЖЗҚ қолда бар дербес деректерді қорғау және құпиялылық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Сонымен бірге жекелеген зейнетақы қызметтерін ұсыну БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде сақталатын мәліметтер негізінде ғана жүзеге асырылып қоймай, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүгінуді, мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасуды талап етеді. Мысалы, өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері осындай ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі өзектілігін жоғалтқан емес. Мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылдың және ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген адамнан құжаттардың көшірмелерін және (немесе) қосымша ақпараттарды талап етпейді. Әрине, ол үшін, қажетті деректер мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, БЖЗҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жедел және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, алаяқтық деректерінің орын алуына жол бермейді.
Сіздің деректеріңіз жеке немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін де ерекше атап өткіміз келеді.
2. Уағыздау қызметіне өтініш беруге кімде құқығы бар?
Халықтың әлеуметтік осал топтары жергілікті жерде қызмет көрсетуге электронды өтінім беркге құқылы (мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген І және ІІ топтағы мүгедектер).
Ол үшін «БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында, «Электрондық қызметтер» бөлімінде белгіленген нысан бойынша электрондық өтініш беру керек.
3. Қарастыруға арналған электрондық сұранысты қалай жіберуге болады?
Өтініш «БЖЗҚ» АҚ корпоративтік веб-сайтында немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасына орналастырған «Бізге жазыңыз» электрондық қызметі арқылы немесе БЖЗҚ электрондық мекенжайына немесе БЖЗҚ пошталық мекенжайына жіберуге болады.
«Бізге жазыңыз» электрондық қызметі арқылы сұрау жіберу үшін электрондық нысанды толтыру қажет.
1. Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткер «БанкЦентрКредит» АҚ-да ипотекалық кредитті ішінара жаба ала ма?
Мүмкін, өйткені 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік Кодексінің 220-бабының 3-тармағының бесінші азат жолында көрсетілген, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын мөлшерде біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Бұл ретте «БанкЦентрКредит» те өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделу ақысын төлеу үшін ЗЖ пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор болып табылады.
Алайда, алып қоюға өтінім бермес бұрын БЖЗҚ-да жинақтардың бар-жоғын және сомасын нақтылау қажет.
Содан кейін уәкілетті операторға жүгіну қажет.
Мәлімет үшін келесілер тұрғын үйге зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып табылатынын хабарлаймын:
1) «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (портал www.enpf-otbasy.kz);
2) «Қазақстан Халық банкі» АҚ;
3) «Altyn Bank» АҚ;
4) «Банк ЦентрКредит» АҚ;
5) «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ.
Емделу бойынша уәкілетті оператор тек «Отбасы банкі» болып табылады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тәртібі бойынша толығырақ ақпаратпен Қордың www.enpf.kz сайтында, «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.
2.Мен емделу үшін БЗТ төлемін пайдалана аламын ба?
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатынын хабарлаймын. БЗТ-ны өз пайдаңызға, жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) немесе жақын туыстарыңыздың пайдасына пайдалануға болады.
Бұл санаттан 01.07.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары алынып тасталды.
БЗТ алуға құқығы бар адамдардың санаттары:
- зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын соманы пайдалана алады;
Ең төмен жеткіліктілік шегі жынысына қарамастан әрбір жас үшін жеке есептеледі. ЕЖШ мөлшерлерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/ru/services/withdrawal/withdrawal-check.php.
- егер зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері олардың орташа айлық табысын 40%-дан төмен емес деңгейде алмастыруды қамтамасыз етсе, зейнеткерлер өз жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады;
- сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған тұлғалар БЖЗҚ-дағы өз жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады;
- еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер өз жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады.
● Мерзімінен бұрын алып қоюға қолжетімді сома БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшада бірден көрінеді.
● БЗТ алу үшін өтінішті уәкілетті операторлардың сайтында беру қажет.
Сондай-ақ ЭЦҚ-мен қол қойылатын Өтінішті беру кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілінің бірін көрсете отырып, БЗТ кезінде (естеріңізге сала кетейік, ЖТС сомасы МЗЖ сомасын шегере отырып, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістен ұсталуы тиіс, яғни БЖЗҚ-ға аударылатын МЗЖ сомасына ЖТС салынбайды, осыған байланысты ЖТС зейнетақы төлемдерінің сомасынан ғана ұсталады) өз бетіңізше жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауыңыз тиіс:
1) төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалу,
не болмаса
2) кейінге қалдырылған кезеңде ЖТС (БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша зейнет жасына жеткен кезде ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде) ұстап қалу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 қаулысына сай БЖЗҚ-дан емделуге ақы төлеу мақсатында БЗТ-ны нысаналы пайдалану бойынша УО ретінде «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Отбасы банк) айқындалғанын мәлімет ретінде хабарлаймын.
Өтініш бергенге дейін МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының нысаналы пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, олардың Отбасы банкіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет.
БЗТ алуға құқығы бар және емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Отбасы банкінің интернет-ресурсы арқылы БЗТ алуға өтінішпен Отбасы банкіне жүгінуі тиіс.
3. ЖЗШ-дан үзінді көшірмеде көрсетілген жинақтардың жалпы сомасы 8 000 000 теңгені құрайды, бұл ретте алып қоюға қолжетімді сома «0» теңге, бұл немен байланысты?
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатыны туралы хабарлаймын. БЗТ-ны өз пайдаңызға, жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) немесе жақын туыстарыңыздың пайдасына пайдалануға болады. Бұл санаттан 01.07.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары алынып тасталды.
БЗТ алуға құқығы бар адамдардың санаттары:
- зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын соманы пайдалана алады;
- егер зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері олардың орташа айлық табысын 40%-дан төмен емес деңгейде алмастыруды қамтамасыз етсе, зейнеткерлер өз жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады;
- сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған тұлғалар БЖЗҚ-дағы өз жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады;
- еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер өз жинақтарының 100%-на дейін пайдалана алады.
● Мерзімінен бұрын алып қоюға қолжетімді сома БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте және мобильді қосымшада бірден көрінеді.
● БЗТ алу үшін өтінішті уәкілетті операторлардың сайтында беру қажет.
Егер «жоқ» деп жауап берсе, онда сіздің жасыңыз үшін белгіленген ең төмен жеткіліктілік шегін көру қажет.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді соманы тексеру бойынша толық ақпаратпен Қордың www.enpf.kz сайтында, «Қызметтер» бөлімінде танысуға болатынын хабарлаймын.
1. Мен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы толығырақ білгім келеді
БЖЗҚ – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтау шоттарының операторы.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда.
Жобаға сәйкес Қазақстанның азаматы болып табылатын барлық балаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% есептелетін болады. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Бұдан бөлек, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді.
Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық табыс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. 18 жасқа толғаннан кейін балалар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеу үшін пайдалану құқығын алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы (бұдан әрі – НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру жөніндегі оператор болып айқындалды.
Айта кеткен жөн, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибеге ие. Оның дербестендірілген есеп пен қашықтан қызмет көрсетуге арналған бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелері, халыққа қолжетімді қызметтер көрсететін дамыған өңірлік желісі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің (бұдан әрі - ОИК) 50% сомасы, ОИК мөлшерлемесі және Нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген табыс сомасы туралы ақпаратты қамтитын Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепті жібереді деп көзделуде.
БЖЗҚ жыл сайын қаңтар айында ҚР Әділет министрлігіне салыстыру үшін есепті жылдың 31 желтоқсанының аяғындағы жағдай бойынша балалардың, яғни "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде дербес қалыптастырылған нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін беретін болады.
ҚРҰБ-тан алынған Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% сомасы туралы ақпараттың, БЖЗҚ мен ҚР ӘМ қол қойған салыстыру актісінің негізінде БЖЗҚ нысаналы талаптардың бір қатысушысына тиесілі нысаналы талаптардың сомасын есептеп, бұл деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.
Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да НЖШ ашылады. Ондағы қаражатты "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер ретіндегі уәкілетті операторлар арқылы тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады.
Қаражат НЖШ-ға аударылғаннан кейін инвестициялануын тоқтатады. Жинақтарды пайдалануға өтініш, сондай-ақ, олардың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар уәкілетті операторға беріледі. БЖЗҚ алушылардың уәкілетті операторда ашылған банктік шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді АҚШ долларымен жүзеге асыратын болады.
Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Алушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 (он) жыл ішінде төлемдер алуға өтініш бермеген жағдайда, талап етілмеген нысаналы жинақтау сомасы ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Оларды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Баланың бағдарламаға қатысушы болып табылатындығы туралы ақпаратты заңды өкілдер egov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетінен ала алады.
Бұдан басқа, бағдарлама бойынша үнемі жасалып отыратын есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтында орналастырылады.
2. Балалардың ата-анасына (немесе заңды өкілдеріне) Ұлттық қордан тиесілі соманың аударылғаны туралы білу үшін қандай да бір мекемеге жүгіну керек пе?
Балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ешқайда жүгінудің қажеті жоқ. 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді (ТАӘ, ЖСН) БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ-ға жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп жіберетін болады.
Есепте Ұлттық қордың орташа инвестициялық кірісінің 50% сомасы, орташа инвестициялық кіріс (ОИК) мөлшерлемесі және бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарға есептелген кіріс сомасы туралы ақпарат қамтылады.
Осы мәліметтер негізінде бір балаға тиесілі мақсатты талаптардың сомасы есептеледі.
Баласының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинеттен ала алады. Бағдарлама бойынша жасалатын есептер де enpf.kz сайтына орналастырылады.
Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арнап НЖШ ашылады. Бұл шоттағы ақшаны тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады.
Жинақтарды пайдалану үшін бала уәкілетті оператор – банктерге ("Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер) өз бетінше жүгіне алады.
3. Бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың сомасы қалай есептеледі?
Барлық мақсатты талаптарды (әр балаға, бағдарламаға қатысушыға есептелген міндеттемелердің), мақсатты жинақтарды және мақсатты активтерді (инвестицияларды) есепке алу АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
1 балаға арналған нысаналы талаптар сомасы (НТС) жыл сайын мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
У - қатысушы балалардың жалпы саны (есепті жылдың соңына);
S - келесі балалар бойынша түзетулерді ескере отырып, Ұлттық қордың ОИК-тен (есепті жыл үшін) 50% сомасы:
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылу/шығу себебі бойынша кеткен (есепті жыл ішінде);
- электрондық тізімге қате енгізілген және анықталған (есепті жыл ішінде);
- электрондық тізімде жоқ және кейіннен анықталған (есепті жыл ішінде).
4. Бала 18 жасқа дейін қайтыс болған жағдайда, қаражат қалай қолданылады?
Бала қайтыс болған жағдайда (18 жасқа дейін немесе одан кейін) "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде қалыптастырылған жинақтар ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Жинақтар БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен мұрагерлер таңдаған уәкілетті оператор-банкте ашылған олардың банк шоттарына аударылатын болады. Уәкілетті операторлар тұрғын үй мен білім алуға төлемдерді төлемді алу сәтіндегі ағымдағы бағам бойынша теңгемен жүргізеді.
5. Егер әр балаға 18 жыл ішінде аударылған қаражат сомасы 2-3 мың АҚШ долларынан аспаса, осындай аз ақшаға оқу ақысын төлеуге немесе үй сатып алуға бола ма?
2013 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) жұмыс істейді, оның көмегімен Қазақстанның кез-келген азаматы Қазақстанда да, шетелде де ақылы кәсіптік және жоғары білім алу үшін ақша жинай алады.
Бұл жүйе ата-аналарға бала туылғаннан бастап оның оқу ақысын төлеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы екінші деңгейдегі банкте өзіне немесе баласының атына білім беру салымын ашып, не сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасып және жыл сайын инвестициялық табысқа қосымша мемлекет сыйлықақысын да ала алады. Осылайша, мемлекет МБЖЖ-ның барлық салымшылары үшін іс жүзінде білім беру шығындарының бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
Кейін бұл жинақтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде қалыптастырылған қаражатпен бірге оқу ақысын төлеуге және білім алуға көмектесе алады.
Тұрғын үй сатып алуға қаражат жинау үшін нысаналы жинақтар «Отбасы Банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруға бағытталуы немесе түрлі ипотекалық бағдарламалар бойынша қаражатқа қосылуы мүмкін.
6. Балалардың шоттарындағы қаражатты инвестициялық кіріс есебінен ұлғайту үшін Ұлттық қор қандай да бір қаржы құралдарына салына ма?
Балалардың Ұлттық қор активтерінің құрамындағы нысаналы талаптары Ұлттық қор активтерін қаржы құралдарына он сегіз жасқа толғанға дейін инвестициялау есебінен өседі.
Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы жинақтар олардың АҚШ долларындағы нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) аударылып, инвестициялау тоқтатылып, тұрғын үй мен білім алуға пайдалануға рұқсат беріледі.
7. Ұлттық қорда 18 жасқа дейінгі балалардың шоттарына ақша аударуға жеткілікті қаражат бар ма?
Балалар 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан балаларына есептелген олардың нысаналы талаптары Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастыра береді. Бұл ретте нысаналы талаптар әрбір балаға мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын есептеліп, аударылып отырады.
18 жасқа толғаннан кейін әрбір бала өз жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй сатып алу және білім алуға пайдалану құқығына ие болады. Осылайша, жыл сайын ҚР ҰБ БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтаушы шоттарға Ұлттық қордан тек 18 жасқа толған алушылар бойынша ғана ақша аударуды жүзеге асыратын болады.
Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерінің мөлшері 57,8 млрд АҚШ доллары болғанын қосымша атап өткен жөн.
8. Құпиялылық туралы: алушының нысаналы жинақтау шотындағы сома туралы ақпаратты кім ала алады (қамқоршылар/ата-аналар)?
БЖЗҚ e-gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі мәліметтерді ақысыз ұсынуға міндетті:
- нысаналы талаптар сомасы – бағдарламаға қатысушы балаға (немесе оның заңды өкіліне);
- нысаналы жинақтау сомасы – жинақты алушыға (нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған күннен бастап кез келген сұраныс жасалған күнге).
Нысаналы жинақтау шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы анықтамалар нысаналы жинақтарды алушының өзіне, оның заңды өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде, мұрагерлерге – қайтыс болған не нысаналы жинақтарды алушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда ғана берілуі мүмкін (мұраға құқық туралы куәлікті ұсына отырып, сұраныс жасау бойынша). Сондай-ақ, мұндай анықтама, егер заңнамаға сәйкес көзделген болса – өзге де тұлғалар мен ұйымдарға беріледі.
9. БЖЗҚ сайтында төлемдер бойынша толық статистика (мысалы, жынысы, аймағы, нысаналы пайдалануы және т. б. бойынша) орналастырыла ма?
Бағдарламаға қатысушы балалардың нысаналы талаптары (олар 18 жасқа толғанға дейін), жинақтарды алушы балалардың нысаналы жинақтары туралы (олар 18 жасқа толғаннан кейін) талдамалық және статистикалық ақпаратты тұрақты түрде орналастыру мақсатында БЖЗҚ интернет-ресурсында есептердің мынадай нысандары көзделетін болады:
1) Нысаналы талаптарға қатысушылардың жасы мен тұратын аймағы бөлінісінде Нысаналы талаптарға қатысушылардың (18 жасқа дейінгі балалардың) саны бойынша есеп;
2) Жинақтар тұрғын үйге немесе білім беру ақысына пайдаланылатын уәкілетті оператор - банктер мен өңірлер бөлінісінде нысаналы жинақтарды пайдалану (балалар 18 жасқа толғаннан кейін) жөніндегі есеп.
10. 2024 жылы 18 жасқа толатын балалар бағдарламаға қатыса ма және олар қанша алады?
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, 2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға 2023 жылдың нысаналы талаптары (бала әлі 18 жасқа толмаған жылға) есептелетін болады.
2023 жылға арналған бір балаға арналған нысаналы талаптар сомасының есебі ҚР Әділет министрлігімен деректерді (Қазақстан балаларының 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша саны) салыстырып, Ұлттық Банктен ақпарат (балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша) алғаннан кейін жүргізілетін болады.
Әрбір бала 18 жасқа толғаннан кейін БЖЗҚ-дан өзінің нысаналы жинақтау шотында қалыптастырылған сома шегіндегі нысаналы жинақтары төлемін алуға құқылы болады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу үшін нысаналы жинақтардың төлемдерін алу мақсатында нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі немесе әрекет қабілеттілігі шектелген жағдайда) өзі таңдаған, уәкілетті оператор болып табылатын банкке жүгінеді. Уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы алушы оған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, уәкілетті оператордың ішкі құжаттарында белгіленген қажетті құжаттарды тіркей отырып, өтініш береді.
11. Балаларға жыл сайын қандай қаражат есептеледі? Мысалы, 2024 жылы туылған бала 18 жылдан кейін қандай сома алады? Есебі бар ма?
Жыл сайын Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігіндегі инвестициялық кірісінің «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша балаларға есептелетін 50% есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚР ҰБ) жүзеге асыратын болады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің кірісі есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Бұдан бөлек, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастыра береді.
Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша, балалардың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.
БЖЗҚ кірістің жалпы сомасын (ҚР ҰБ-тың балалардың шоттарына аудару үшін есептеген) және Қазақстан азаматы болып табылатын барлық балалардың санын (ҚР Әділет министрлігінің деректерімен салыстыру нәтижесінде айқындалған) негізге ала отырып, бағдарламаға қатысушы бір балаға есепті жылдағы нысаналы талаптардың тиесілі сомасын есептейді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта әр балаға 18 жасқа толған кезде мақсатты жинақтау сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемі, оның тарихи кірістілігі бойынша берген нәтижелерімен және бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.
12. Егер инвестициялық кіріс теріс болса не болады?
Ұлттық қордың қаражаты ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері геосаяси оқиғалар мен басқа да факторлар әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан, Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің жекелеген кезеңдердегі табысының ықтимал төмендеуінің алдын алу үшін ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішінде орташаланады.