2016 жылғы 13-қарашада байланыс орталығы жұмыс істемейді

09.11.2016

Құрметті салымшылар!

Сіздерге 2016 жылғы 13 қарашада сағат 9-00-ден 21-00-ге дейінгі уақытта  «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының телефон желісі, онлайн-кеңесші, электрондық пошта арқылы ақпараттық-кеңес беру қызметінің, кері қоңырауға тапсырыс беру және корпоративтік сайттан Интернет-үзінді көшірме алу қызметтерінің техникалық ақауларға байланысты уақытша жұмыс істемейтіні жөнінде хабарлаймыз. Сонымен қатар E-gov Электрондық Үкімет порталынан түсетін сұраныстар да өңделмейтін болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Құрметпен, «БЖЗҚ» АҚ.