«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты

25.01.2016

«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» өткізген «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты.

Донорлық – қауіпсіз, зиянсыз және ағза үшін өте пайдалы. Донорлар – денсаулығы өте жақсы адамдар! Қан донорлығы – көп уақыт пен күшті талап етпейтін қайырымдылық.  Еліміздегі донорлық қанға мұқтаж  жандардың ауыр сырқаттан айығып, өмірге деген құштарлықтарының оянатыны, біз үшін үлкен қуаныш!