БЖЗҚ өзінің филиалдық желісін оңтайландырады
31.01.2018
БЖЗҚ өз бөлімшелерінің санын 218-ге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Еске сала кетелік, қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша Қордың 231 бөлімшесі жұмыс істейді.
Қор бөлімшелеріне түсетін жүктемені, келушілер саны мен жүзеге асырылған операциялар санына талдау жасай келе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалдық желісін оңтайландыруды ұйғарды. Бұл ретте зейнетақы қызметтерін қашықтықтан көрсету және ақыл-кеңестер беру арналарының дамытылып жатқандығы ескерілді.
Осылайша, салымшылар мен алушылардың аз келуіне байланысты ақпан айында мына елді мекендерде 8 дербес қызмет көрсету орталығы жабылатын болады. Олар:
- Кеңқияқ кенті;
- Достық стансасы;
- Доссор кенті;
- Серебрянск қаласы;
- Төле би ауылы;
- Тайпақ ауылы;
- Жетібай кенті;
- Шар қаласы.
Айта кетелік, жоғарыда аталған елді мекендер аудан орталықтары емес. Оларға жақын орналасқан аудан орталықтарындағы БЖЗҚ бөлімшелері өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Бұл ретте тұрғындарға көрсетілетін қызметтер «БЖЗҚ» АҚ сайтында орналастырылған электрондық қызмет көрсету арналары және көшпелі қызмет көрсету әдісі арқылы жүзеге асырылады. Көшпелі қызметті филиал қызметкерлері көрсетеді. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында жүзеге асырылатын шара.
Сондай-ақ 1 ақпанннан бастап Семей, Тараз, Өскемен, Талдықорған қалаларында бір бөлімшеден қалатын болса, Алматы қаласында 4 бөлімше қалады. Мына 5 бөлімше жабылады:
- Алматы қ. (Райымбек даңғ. бойынша №4-ші бөлімше);
- Талдықорған қ. (Төлебаев көш. бойынша №1-ші бөлімше);
- Өскемен қ. (Виноградов көш. бойынша №1-ші бөлімше);
- Тараз қ. (Рахимов көш. бойынша №1-ші бөлімше);
- Семей қ. (Затаевич көш. бойынша №1-ші бөлімше).
Бөлімшелердің өзекті тізімін Қордың сайтының «Байланыстар» бөліміне кіру арқылы, сондай-ақ 1418 қысқа нөміріне коңырау шалып білуге болады.