БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі есепті ұсынды

31.10.2016

«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің есебінен қалыптасқан инвестициялық қоржынның құрылымы (http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/bd7/bd77d664b912aa3752d39fee8de016d9.pdf) және 2016 жылдың қыркүйек айы үшін «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпарат орналастырылған.

Осылайша, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 6 503,16 млрд.теңгені құрады.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрылымы келесідей түрде берілген.

Атауы

01.10.2016 жылғы млрд.теңгемен ағымдағы құны

01.10.2016 ж. үлесі

ҚР МБҚ

2 940,2

45,2%

ҚР банктік секторы

1 974,3

30,4%

ҚР квазимемлекеттік секторы

895,3

13,8%

Басқа да қазақстандық активтер

130,5

2,0%

Шетелдік активтер

541,3

8,3%

Ақша

21,6

0,33%

ҚРҰБ басқаруындағы ЗА жиынтығы

6 503,2

100,00%


Валюталар бөлігінде ҚРҰБ басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрылымы

Валюта

01.10.2016 жылғы млрд.теңгемен ағымдағы құны

01.10.2016 ж. үлесі

Ұлттық валюта

5 153,8

79,3%

АҚШ доллары

1 304,8

20,1%

Өзге валюта

44,6

0,6%

Жиынтығы

6 503,2

100,00%

01.01.2016 жылдан 30.09.2016 жылғы кезең үшін салымшылардың шоттарына бөлінген


«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы осы кезеңге құнсыздану деңгейінің 5,6% мөлшерімен 7,3 % құрады. Осылайша, қарастырылып отырған кезеңде нақты табыстылық 1,7% құрайды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша инвестициялық табыс/шығынның құрылымы:

Атауы

2016 жылғы қыркүйек айы үшін, млрд. теңге

01.01.2016 жылдан бастап 30.09.2016 жыл аралығы млрд. теңгемен

Үлесі

бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша есептелген сыйақыдан

 

54,30

 

475,26

 

98,63%

бағалы қағаздарды қайта бағалаудан

7,30

18,85

3,91%

валюта бағамдарының өзгерісінен

-14,76

-12,23

-2,54%

Жиыны

46,84

481,88

100,00%

Сенімгерлік басқарудағы БЖЗҚ зейнетақы активтерін құрылымдық үйлестіру БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді.