«БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 триллион теңгеден асты

28.04.2016

016 жылғы 1 сəуірдегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,06 трлн. теңге болды.  

Зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарттар – шамамен 9,7 млн. бірлік. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 396 150 бірлік болды, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 39 183. 

2016 жыл басынан бері алынған жəне салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс – 139,04  млрд. теңге.  

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы сəуір – 2016 жылғы наурыз) ұқсас кезеңдегі 15,7% құнсыздану деңгейінде 16,9 %-ға жетті.  

2016 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығындағы кезеңде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына шамамен 152,4 млрд. теңге түсті. Көрсетілген кезеңде БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары – 60,67 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына 4,81  млрд. теңге көлемінде аударымдар жасалды. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын мемлекет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сəйкес төлемге құқық алған сəттегі құнсыздану деңгейін ескеріп, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді.  

Жарналар түсімін Қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы қадағалай алады.