2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері
17.08.2016
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 405 713 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бірлік.
Таза инвестициялық табыс сомасы - 378,82 млрд. теңге, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегіден (156,63 млрд. теңге) 222,19 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы шілде – 2016 жылғы шілде) 17,7% деңгейіндегі құнсызданудан асып, 19,1%-ды құрады. 2016 жыл басынан бергі табыстылық 6,4%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегі құнсыздану деңгейінен (5,2%) 1,2%-ға жоғары.
Жыл басынан бері БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары 106,58 млрд. теңге мөлшеріндегі соманы құрады, бұған 10,95 млрд. теңге мөлшеріндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар кірді.
Əрбір салымшы (алушы) кез келген күнге өз ЖЗШ-ындағы жинақтары туралы 236 БЖЗҚ бөлімшесінің бірінен немесе Қор сайты арқылы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімінен біле алады. Сондай-ақ салымшыларда (алушыларда) өз зейнетақы шотын түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігі бар. 2016 жылғы 1 тамызда ұялы қосымша жүктеп алуының жалпы саны 267,6 мыңға жетті. Көшбасшы – Android, осы платформадағы қосымша 215,6 мың рет жүктеп алынған, бұл барлық жүктеудің 80,6%-ын құрайды. Екінші орында iOS: iPhone жəне iPad үшін қосымшаны 47,1 мың рет жүктеп алған, үшінші орында Windows Phone – 4,9 мың жүктеп алу.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметі іске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 тамызға дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 315 мыңнан астам үзінді көшірме берілген.