2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

22.12.2016

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған).  

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық ұқсас кезең үшін 7,5% құнсыздану деңгейінде 8,15% құрады. 

2016 жылдың басынан бергі салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд. теңгені құрады.  

2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсімдердің жалпы сомасы 627,3 млрд. теңгені құрады. Əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтаруды есепке ала отырып, қайтарылған жарналар сомасы 146,8 млрд. теңгені құрады. 

2016 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 156,1 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,8 млрд. теңге. 

2016 жылғы 1 желтоқсанда барлық шарттардың түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 10,08 млн. бірлікті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлікті құрады. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 417 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,9 мыңды құрады. 

Бүгінде салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

2,77 миллионнан аса адам хабарлаудың электрондық тəсілін таңдады. 208 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады жəне 2,57 миллион адамның сайт арқылы немесе əртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған  «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Ұялы қосымша шыққан сəттен бастап оны жүктеу саны 461,3 мыңға жетті. Оның ішінде қолданушылар Android платформасындағы қосымшаны 377,4 мың рет жүктеп алған, iOS – 77,3 мың, Windows Phone - 6,6 мың.  

2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сəттен бастап 2016 жылғы 1 желтоқсанда электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сынан  346 мың үзінді көшірме берілген.