2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері
16.06.2016
2016 жылғы 1 маусымда зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн. теңге болды. 2016 жыл басынан бері алған таза инвестициялық табыс – 208,59 млрд. теңге.
Қор жыл басынан бері 85,53 млрд. теңге сомасында зейнетақы төлемдері мен аударымдарын жасады, бұл сомаға 9,06 млрд. теңге көлеміндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар кіріп отыр.
2016 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша шарттардың жалпы саны 10,13 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған салымшы (алушы) шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шарттар – 400 903. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттары – 38 871.
Салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты 236 бөлімшенің бірінен сұраған кез келген күніне ала алады. Оның үстіне, өз зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы мәліметті электрондық пошта немесе www.enpf.kz сайты арқылы алуға болады.
2 миллионнан астам адам хабарлаудың қашықтан жұмыс істейтін тәсілдерін таңдап алды, олар ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың тиімді тәсілдері болып отыр. Интернет арқылы хабарлауды таңдап, логин мен пароль тіркеген Қор салымшылары (алушылары) зейнетақы шотын Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылай алады.
2016 жылғы 1 маусымда ұялы қосымшаны жүктеп алу 193 000 ретке жеткен.
2015 жылдың ақпан айынан бастап электрондық цифрлық қолтаңбасы бар салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты e-gov порталы арқылы толық көлемде ала алады.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 300 мың үзінді көшірме берілген.
Оның үстіне ағымдағы жыл басынан бері салымшылардан (алушылардан) түрлі арналар арқылы түскен 60 414 өтініш өңделді.
Қазір Қор салымшылар (алушылар) үшін қосымша электрондық қызметтерді ендіру жұмысын жүргізуде, атап айтқанда:
-
салымшының (алушының) электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, on-line түзімінде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу оңтайландырылатын болады;
-
қосымша деректемелерге өзгерістер енгізу мүмкіндігі пайда болады;
-
зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беру қолжетімді болады.
Қор аталған қызметтерді 2016 жылдың соңына дейін ендіруді жоспарлап отыр.