2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

24.11.2016

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейді.   

2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда.  2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.     

2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд. теңге болды.  

2016 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 6,2% құнсыздану кезінде 7,7% болды.  

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 10 айы бойы  142,6 млрд. теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд. теңгені құрады.  

Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен  9,62 млн. бірлік болды. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.  

Бүгінде салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсететін 232 орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  

2,6 млн. астам адам электрондық хабарлау тəсілін таңдаған. 212 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірме алады, ал 2,4 млн. адам сайт немесе түрлі операциялық жүйелерде қызмет ететін смартфондар мен планшеттер үшін «ENPF» ұялы қосымшасынан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Ұялы қосымша шыққан кезден бастап оны жүктеу 408 мыңға жетті. Оның ішінде  Android платформасындағы қосымша 331,8 мың рет, iOS - 70 мың рет, Windows Phone – 6,2 мың рет жүктелген.   

2015 жылғы ақпанда Электрондық үкімет арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі  туралы (инвестициялық табыс ескерілген) ақпарат беру» қызметі қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қарашада салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 338 мың үзінді көшірме берілді. Салыстыру үшін портал арқылы жыл басында 125 мың үзінді көшірме берілген болатын.