2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері
21.10.2016
БЖЗҚ-ның əрбір 4-ші салымшысы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алу тəсілі ретінде хабарлаудың электрондық тəсілін таңдады.
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,5 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 668 млрд.теңгеге немесе 11,5% артты.
2016 жылдың 9 айында түскен зейнетақы жарналарының сомасы 510 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап əскери қызметшілер мен əлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару жүзеге асырылуда. Осылайша, 2016 жылдың тоғыз айында мұндай қайтарулардың жалпы сомасы 145,7 млрд.теңгені құрады.
2016 жылдың тоғыз айында салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 432,57 млрд. теңге.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйек аралығында БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық құнсызданудың 5,6% деңгейінде 7,3% құрады.
«БЖЗҚ» АҚ сайтына (www.enpf.kz) жүйелі түрде инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат орналастырылады жəне инвестициялық қызметке шолу жасалады.
2016 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 130,45 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 14,61 млрд. теңге.
Барлық шарттардың түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 10,11 млн.бірлікті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,66 млн. бірлікті құрады. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 411 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мыңды құрады.
Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 2,5 миллионға жуық адам немесе əрбір 4-ші салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тəсілі ретінде хабарлаудың электрондық тəсілін таңдаған. Осылайша 214 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады жəне 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе əртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан жəне 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жетті. Оның ішінде Android платформасындағы қосымшаны 289,6 мың рет жүктеп алған, iOS – 62,2 мың, Windows Phone – 6,1 мың.
2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сəттен бастап 2016 жылғы 1 қазанға дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 330 мың үзінді көшірме берілген. Салыстырып көріңіз, жыл басында портал арқылы 125 мың үзінді көшірме берілді.