2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ның ағымдағы көрсеткіштері

24.02.2016

2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 9 688 311 бірлікке жетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 392 903 бірлік, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 39 912 бірлік болды.

2016 жылғы 1 ақпанда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,95 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жарналарының сомасы 51,3 млрд. теңге болды, оның ішінде:

  • міндетті зейнетақы жарналары бойынша – 47,9 млрд. тенге;

  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша – 3,3 млрд. тенге;

  • ерікті зейнетақы жарналары бойынша –  14,9 млн. теңге болды.

2016 жылдың басынан бастап  99,3 млрд. теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс алынды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына 30,3 млрд. теңге мөлшерінде аударым жасалды.