Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!
20.11.2017
Осымен «БЖЗҚ» АҚ-да ағымдағы жылдың соңына дейін зейнеткерлік жасқа толған/толатын салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ I, II топ мүгедектеріне (мерзімсіз уақытқа) Қазақстан Республикасының 01.01.2018ж. бастап күшіне енетін зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы нысаналы хабарландырулар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылғанын хабарлаймыз, атап айтқанда:
- әйел азаматшалардың зейнеткерлік жасының өсірілуі;
- зейнетақы жинақтарын бірақ алу қағидатын жою (ай сайын берілетін төлемге өту);
- зейнетақы жинақтары төлемін есептеу тәртібін өзгерту.
Нысаналы хабарландыру төмендегі байланыс арналары бойынша жүзеге асырылды:
- пошта байланысы арқылы хабарландыру (
Қосымша 1); - e-mail электрондық мекенжайлары бойынша хабарландыру (
Қосымша 2); - ұялы телефондарға sms-хабарламалар жіберу (
Қосымша 3); - ұялы телефондарға рush-хабарламалар жолдау (
Қосымша 4).
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сай, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен 01.01.2018ж. дейін келген адамдар үшін зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер күшіне енгенге дейін әрекет еткен кесте бойынша жүзеге асыру тәртібі сақталатынын қосымша хабарлаймыз.