Алматы қаласындағы №6 бөлімшесінің жабылуы

06.12.2021

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (ары қарай – БЖЗҚ, Қор) Төлебаев көшесі 38/61, Қонаев көшесі қиылысында орналасқан №6 Қор Бөлімшесінің жабылғандығын хабарлайды.

БЖЗҚ қызметтерін алу үшін Қордың келесі бөлімшелеріне хабарласуыңызға болады:

1.   Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 80, н.п.34;

2.   Алматы қаласы, Ауэзов ауданы, Аксай-1 ы.а., Төле би көшесі 15 «Б»;

3.   Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі 168 «Б», Ақан Сері көшесінің қиылысы;

4.   Алматы қаласы, Әлеуметтік қызметтер үйі, Достық даңғылы 85.

Сіз жинақтаушы зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерін қашықтан алуға ілеспе қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңесті мына тәсілдер арқылы ала аласыз:

1) сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін enpf.kz сайтындағы «Байланыс» бөлімінде көрсетілген кезекші қызметкерлер нөмірлері бойынша телефон байланысымен хабарласу арқылы;

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына хабарласу арқылы;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша ВКонтакте Whats app, Viber, Facebook, чат-бот арқылы;

4) www.enpf.kz Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн-консультант арқылы;

5) enpf@enpf.kz электрондық пошта бойынша өтініштер жіберу арқылы;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар арқылы.

Бұдан басқа БЖЗҚ қызметтерін ENPF мобильді қосымшасы мен еnpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болатынын хабарлаймыз.