Қызмет көрсету орталығы жаңа орынға көшті
19.10.2015
Құрметті салымшылар!
Бұрын Алматы қ., Əуезов көшесі, 82 мекенжайында болған Қызмет көрсету орталығының енді Шевченко көшесі, 153/1 – Əуезов көшесінің бұрышында орналасқанын хабарлаймыз. Жұмыс кестесі бұрынғыдай: жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Бұл жерде Қор клиенттеріне қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалған. Бұл жерде шарт жасау, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу, ЖЗШ-дан үзінді көшірмелер алу, хабарландыру тəсілін ыңғайлысына өзгерту, зейнетақы жинақтарын төлеуге өтініш беру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мəселелер бойынша кеңес беру сияқты қызметтер жедел əрі кəсіби түрде көрсетіледі.
Заманауи, техникалық тұрғыдан жабдықталған БЖЗҚ бөлімшелерін ашу – Қордың стратегиялық міндеті жəне зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың кезекті сатысы, атап айтқанда: зейнетақы жүйесінің халықты қамту ауқымын кеңейту, зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын көтеру.
Байланыс орталығының 8 800 080 11 77 халықаралық телефоны (Қазақстан аумағында қоңырау тегін) немесе +7 (727) 250-83-90 нөмірі арқылы Сіздерге қосымша ақпарат беруге дайынбыз.