Дербес қызмет көрсету орталығы салымшыларды жаңа мекенжайда күтеді
11.09.2015
2015 жылғы 07 қыркүйекте Алматы қаласында «БЖЗҚ» АҚ Дербес қызмет көрсету орталығы (ДҚКО) жаңа мекенжайда өзінің алғашқы салымшыларын күтіп алды. Орталықтың Спартак көшесіндегі 30-үйден Сейфуллин көшесіндегі 168Б-үйге көшуіне бірқатар жағдайлар себеп болды. Біріншіден жаңа кеңсенің көлемі анағұрлым үлкен, оның жалпы ауданы шамамен 142 кв.м. болады.
ДҚКО-ның бірінші қабатта орналасуының өзі салымшыларға қызмет көрсетудегі маңызды сəттердің бірі болып табылады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін пандус жасалған. ДҚКО Түріксіб ауданындағы «Салман» сауда кешенінде орналасқан, бұл – адамдар көп жүретін орын.
Алматыдағы осы аудан халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып табылады. Түріксіб ауданы Əкімдігінің деректері бойынша 210 мыңнан астам адам тұрады. ДҚКО бұрынғы кеңседе шамамамен күн сайын 75 салымшыға қызмет көрсеткен. Ал жаңа орында адамдар санын 1,5 есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қор кеңсесі ашылған алғашқы күннің өзінде 100-ден аса адам келді.
Мұнда қордың клиенттеріне қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салымшыларға қызмет көрсету аймағынан басқа күту залы да бар əрі электрондық кезек күтуді басқару жүйесі орналастырылған. Ағымдағы жылда қызмет көрсету кеңсесін өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарымен қосымша жабдықтау жоспарға алынды.
Мұнда Алматы қаласының тұрғындарына: шарттар жасау жəне жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашу, ЖЗШ -дан үзінді-көшірме алу, хабарлау тəсілін барынша ыңғайлысына қарай өзгерту, зейнетақы жинақтары төлеміне өтініш беру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мəселелер бойынша кеңес беру секілді қызметтер тез жəне кəсіби түрде көрсетіледі.
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы Руслан ЕРДЕНАЕВ былай деді: «Зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіру процесі тарихта қалды. Ендігі біздің басты міндетіміз – салымшылар үшін барынша қолжетімді болу əрі қызмет көрсету сапасын арттыру. Біз əрбір салымшыны бағалаймыз жəне Қордың қызмет көрсету сапасын үнемі арттырып отырамыз əрі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Қызмет көрсету орталығының мүмкіндіктерін дұрыс бағалайды деп үміттенеміз».
БЖЗҚ -ның заманауй, техникалық жабдықтармен жабдықталған бөлімшелерін ашу Қордың стратегиялық міндеті жəне зейнетақымен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың кезекті кезеңі, атап айтқанда: халықтың зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейту, зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін жəне сапасын арттыру болып табылады.
Мəлімет үшін:
«БЖЗҚ» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалында салымшыларға қызмет көрсететін 6 бөлімше жұмыс істейді.
Қаланың барлық бөлімшелеріне келетін адамдардың орташа алғандағы саны: күніне – 690 адам, айына – 14 500 адам.
«БЖЗҚ» АҚ-ның АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕҢСЕЛЕРІНІҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:
Алматы қаласындағы филиалы
Алмалы ауданының операциялық бөлімінің бөлімшесі. Мекенжайы: Фурманов к-сі, 175 (Құрманғазы көш. қиылысы)
№ 1-бөлімше
Мекенжайы: Алматы қ., Əуезов ауданы, «Аксай-1» ш/а, Төле би к-сі, 15 «Б», 209-офис. (Саин көш. қиылысы)
№ 2-бөлімше
Мекенжайы: Алматы қ., Түріксіб ауданы, Сейфуллин к-сі, 168Б-үй
№ 4-бөлімше
Мекенжайы: Алматы қ., Алатау ауданы, «Шанырақ-2» ш/а, Жанқожа батыр к-сі, 25
№ 6-бөлімше
Мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Төлебаев к-сі, 38/61, В-литері, (кіру есігі Қонаев көш., Мақатаев көш. қиылысы)
№ 7-бөлімше
Мекенжайы: Алматы қ., Бостандық ауданы, Əуезов к-сі, 82 (Мыңбаев көш. қиылысы).