Құрметті салымшылар! Назарыңызды аударамыз!
27.03.2026
Назарыңызды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жаңылыстыратын, қандай да бір ақпаратты немесе мәліметтерді сұрататын хабарламалар мен сілтемелер жіберілетініне аударамыз.
Сақ болыңыз!
Өзіңіздің дербес деректеріңізді немесе басқа да құпия ақпаратты хабарлауды өтінген телефон қоңырауларына немесе тексерілмеген дереккөздерден келген хабарламаларға назар аудармаңыз.
Күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.
Тіркемелер және файлдармен мұқият әрі сақ болыңыз. Оларды дереккөз расталғаннан кейін ғана ашыңыз.
Егер күдікті қоңырау, хат немесе хабарлама алсаңыз:
Беймәлім адаммен сөйлесуді тоқтатыңыз.
Деректерді хабарламаңыз және енгізбеңіз.
Күмәнді сипаттағы тіркемелерді ашпаңыз.
Қажет болған жағдайда карталарды немесе онлайн-сервистерге кіруді бұғаттаңыз.
Ақпараттық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау жеке деректеріңізді қорғауға және қаржылық шығындарға жол бермеуге көмектеседі.