БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 33-ші отырысында 2025 жылдың қорытындысы таныстырылды

07.04.2026

2026 ж. 3 сәуірде "БЖЗҚ" АҚ Қоғамдық кеңесінің (ҚК) 33 отырысы өтті. Іс-шараның күн тәртібіне сәйкес стратегиялық даму департаментінің директоры К.Фазылова Қордың 2025 жылғы қызметі туралы есеп берді. Спикер Қордың есепті кезеңдегі қызметіне әсер еткен заңнамадағы негізгі өзгерістерге назар аударды:

  • әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қозғаған сол кезде күшінде болған Салық кодексіне түзетулер енгізу;

  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары бойынша Үкіметтің 521 қаулысының қабылдануы;

  • 01.01.2026 ж. бастап ҚР жаңа Салық Кодексінің күшіне енуі;
  • зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыратын заңнамалық НҚА-дағы өзгерістер.

Сондай–ақ ҚК мүшелері есепті кезеңдегі зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны, зейнетақы жарналарының түрлері бойынша зейнетақы шоттарының құрылымы, қатысу өтіліне байланысты міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) орташа жинақтары, ЖЗЖ және зейнетақы төлемдерін қамту статистикасы, зейнетақы активтерін басқару және зейнетақы қызметтерін дамытуға қатысты негізгі көрсеткіштермен танысты. Спикердің мәліметінше, 2026 жылдың басындағы зейнетақы шоттарының саны 18,2 млн-нан асты. 2025 жылы жаңа шоттар саны 1 млн-ға көбейді. Зейнетақы жинақтарының сомасы 14%-ға өсіп, 26 трлн теңгені құрады. Бұл соманың 60%-ы зейнетақы жарналары есебінен қалыптасса, 40%-ы инвестициялық кірісті құрады.

Қордың жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры М.Акмаева БЖЗҚ ақпараттық-түсіндіру жұмысының қорытындысымен таныстырды. Спикер 2021 жылы қабылданған 2022-2026 жылдарға арналған сыртқы коммуникациялар бағдарламасына сәйкес стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін коммуникациялық саясатты іске асырудың негізгі міндеттері, басымдықтары мен тетіктері, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың хабардарлық деңгейін арттыру және зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға сенімді нығайту айқындалғанын атап өтті.

Ұсынылған статистика бойынша 2025 жылы БАҚ-та БЖЗҚ туралы 50 мыңға жуық материал орналастырылды, оның 86,3%-ы Қордың бастамасымен. БАҚ-та талқыланатын ең танымал тақырыптар – бұл "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы, инвестициялық кіріс, зейнетақы төлемдерінің лайықтылығы, капиталды қалыптастыру, салық заңнамасындағы өзгерістер. 2025 жылы іске қосылған жаңартылған Қор сайтының жұмысына ерекше назар аударылды, оның шеңберінде зейнетақы активтерін басқару порталы іске қосылды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысы туралы есеп таныстырылды. Сонымен қатар ұйым төрағасы мен оның орынбасарын сайлауы өтті. ҚК мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Евгений Сейпульник төраға, төрағаның орынбасары болып Татьяна Батищева қайта сайланды. Айта кетейік, Е.Сейпульник 2017 жылдан 2020 жылға дейін БЖЗҚ жанындағы осы консультативтік-кеңесші орган құрылған кезде кеңесті басқарып, 2024 жылдың желтоқсанында қайта сайланған болатын.

"БЖЗҚ" АҚ қоғамдық кеңесі отырысының материалдарымен толығырақ enpf.kz сайтындағы  "Қоғамдық кеңес" бөлімінде - отырыстар мен презентациялар, хаттамалар» тарауында танысуға болады.