ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы
27.07.2026
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 081,70 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 786,27 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1173,59 млрд. теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 121,84 млрд теңгені құрады.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,32%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 7,87%, ҚРҰБ депозиттері – 3,71%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,57%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,07%, МҚҰ – 0,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,41%.
Активтердің 38,37%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,00%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,00%.
Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 114,54 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 91,69 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 127,62 млрд теңге, өзге кірістер – 3,33 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.
2025 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29%-ды құрады.
2026 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 88,17%, ҚРҰБ депозиттері – 8,74%, РЕПО операциялары – 3,08%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.
ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 69,44 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,69 млрд теңге кіріс әкелді.
2026 жылғы шілдеге дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 122,77 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 16,84%.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 121,84 млрд теңге.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 19,32 млрд теңге.
Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 31,79%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,57%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 10,80%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,42%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,19%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,24%, РЕПО – 4,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,28%, МҚҰ – 2,94%,.
Атап кетейік, портфельдің 44,66% теңгемен, 54,48% АҚШ долларымен, 0,86% басқа валюталарда ұсынылған.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,88%.
"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.07.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 15,53 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,58%, ҚР ЕДБ облигациялары – 20,35%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,72%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 9,00%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,12%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,55%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,42%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 67,76%-ын, АҚШ долларымен 32,24%-ын құрайды.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,41%.
"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.07.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,95 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 26,64%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 17,64%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,45%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 10,39%, ҚРҰБ ноттары – 7,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 6,10%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,91%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,58%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,97%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,26%-на, АҚШ долларымен 36,74%-на тең.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,37%.
"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.07.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 65,58 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 21,51%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,17%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,59%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,10%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,67%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 7,32%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,02%, МҚҰ – 4,39%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,19%, ҚРҰБ ноттары – 1,21%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,89%, АҚШ долларында – 35,11% инвестицияланды.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,69%.
"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.07.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 0,32 млрд теңге.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Репо – 37,33%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексі компоненттерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 32,27%, пайлар (негізгі қор индекстеріне ETF) – 7,32%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,71%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 42,35%, АҚШ долларымен – 57,65% инвестицияланды.
"Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 1,84% құрады.
"Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.07.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 14,14 млрд теңге.
ҚР ЕДБ облигацияларына – 22,70%, РЕПО – 16,24%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,75%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,63%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 6,95%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 4,73%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 4,52%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,59%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,34% инвестицияланды.
Ұлттық валютада портфельдің 70,51%-ы, АҚШ долларында 29,49%-ы инвестицияланды.
Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 18,66%.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда