Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында
30.10.2026
invest.enpf.kz инвестициялық порталына жүгінетін қазақстандықтардың саны артып келеді
2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады.
Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады.
Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті.
Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр.
Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген.
2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы деректер
|
Өңір |
Аударым сомасы (теңгемен) |
Аударым саны |
|
Барлығы |
66 659 094 302,02 |
73 456 |
|
Ақмола облысы |
1 301 404 104,10 |
1 919 |
|
Ақтөбе облысы |
3 786 064 527,33 |
4 359 |
|
Алматы облысы |
24 711 228,07 |
066 |
|
Атырау облысы |
3 943 939 767,44 |
3 791 |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
1 527 427 793,28 |
2 045 |
|
Жамбыл облысы |
1 483 973 244,91 |
2 134 |
|
Батыс Қазақстан облысы |
2 292 443 937,59 |
2 442 |
|
Қарағанды облысы |
5 265 611 248,47 |
5 963 |
|
Қостанай облысы |
1 930 290 043,12 |
2 855 |
|
Қызылорда облысы |
1 746 149 958,85 |
2 378 |
|
Маңғыстау облысы |
3 496 995 021,36 |
3 734 |
|
Ұлытау облысы |
46 219 700,07 |
054 |
|
Абай облысы |
1 059 677 818,21 |
1 685 |
|
Жетісу облысы |
933 400 854,55 |
1 349 |
|
Павлодар облысы |
3 494 934 297,77 |
3 575 |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
804 079 529,47 |
1 160 |
|
Түркістан облысы |
1 987 795 960,34 |
2 784 |
|
Алматы қаласы |
17 633 839 058,41 |
16 983 |
|
Астана қаласы |
10 823 707 427,56 |
10 278 |
|
Шымкент қаласы |
3 076 428 781,12 |
3 902 |
2026 жылғы 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы деректер
|
Өңір |
Аударым сомасы (теңгемен) |
количество переводов |
|
Барлығы |
91 931 522 402,00 |
56 956 |
|
Ақмола облысы |
1 832 771 887,08 |
1 414 |
|
Ақтөбе облысы |
4 294 913 293,91 |
3 025 |
|
Алматы облысы |
27 664 930,76 |
061 |
|
Атырау облысы |
4 328 959 177,31 |
2 410 |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
2 511 877 675,44 |
1 685 |
|
Жамбыл облысы |
2 104 796 055,23 |
1 798 |
|
Батыс Қазақстан облысы |
3 000 693 685,11 |
1 902 |
|
Қарағанды облысы |
7 147 355 461,33 |
4 722 |
|
Қостанай облысы |
3 128 383 687,11 |
2 279 |
|
Қызылорда облысы |
1 859 242 703,51 |
1 430 |
|
Маңғыстау облысы |
4 550 479 005,45 |
2 621 |
|
Ұлытау облысы |
61 280 525,21 |
058 |
|
Абай облысы |
1 342 445 552,78 |
1 201 |
|
Жетісу облысы |
1 451 475 574,53 |
1 186 |
|
Павлодар облысы |
3 793 095 242,35 |
2 636 |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
1 304 216 236,38 |
972 |
|
Түркістан облысы |
2 278 055 124,56 |
1 806 |
|
Алматы қаласы |
27 419 578 835,28 |
14 327 |
|
Астана қаласы |
15 735 002 693,16 |
8 680 |
|
Шымкент қаласы |
3 759 235 055,51 |
2 743 |
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бермес бұрын салымшы басқару шарттары мен инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін мұқият зерделегені жөн. Өйткені бұл таңдау қаражаттың қалай инвестицияланатынына және оны орналастыру барысында қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екеніне тікелей әсер етеді. Ең алдымен, ИПБ-ның инвестициялық декларациясымен танысу қажет. Бұл құжатта инвестициялаудың мақсаттары мен тәсілдері, сондай-ақ активтердің құрамына қатысты шектеулер көрсетіледі. Сонымен қатар басқарушы компания алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін және оның қандай қаржы құралдарын пайдаланатынын анықтап алған маңызды. Әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударған жөн. Өткен кезеңдердің нәтижелері инвестициялық портфель жұмысының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Алайда бұрын қол жеткізілген кірістілік болашақта да дәл сондай табыс алынатынына кепілдік бермейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ тәуекел деңгейін назардан тыс қалдырмаған дұрыс: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өзгеруі мүмкін.
Басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру шарттары туралы толық ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан алуға болады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша invest.enpf.kz порталының бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 82 мыңға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы қыркүйек айында, яғни салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейген кезеңде тіркелген. Аталған цифрлық платформаны пайдалану арқылы әрбір салымшы басқарушы компаниялардың инвестициялық стратегияларын өз мақсаттарымен, қаржылық күтулерімен және инвестициялық тәуекелдерге дайындық деңгейімен салыстырып, жан-жақты сараланған шешім қабылдай алады.