Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚРҰБ мен БЖЗҚ арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде жүзеге асырады.
Инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің ережелеріне сәйкес ИПБ зейнетақы активтері есебінен зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерінің бір және (немесе) бірнеше түрін қалыптастырады:
1) консервативтік портфель;
2) қалыпты портфель;
3) тәуекелді портфель.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар (бұдан әрі – салымшы), сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар зейнетақы активтерінің бір немесе бірнеше инвестициялық портфелін таңдауға және ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға құқылы.
Бүгінде зейнетақы активтерін басқару үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) бекіткен талаптарға сәйкес келетін және БЖЗҚ Шарт жасаған 6 ИПБ-ның инвестициялық портфельді басқаруға лицензиялары бар, атап айтқанда: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы, «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ), «Halyk Finance» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ), «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Tansar Capital» АҚ.
Бұл ретте ИПБ «Halyk Global Markets» АҚ 30.12.2025 жылы БЖЗҚ-ға осы ИПБ бастамасы бойынша Шартты 01.01.2027 жылдан бастап бұзатынын хабарлағанын назарға саламыз.
Осыған орай, БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ «Halyk Global Markets» АҚ-ның басқаруына зейнетақы активтерін аудару туралы салымшылардың жаңа өтініштерін қабылдамайды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді мынадай талаптар бір мезгілде орындалған кезде жүзеге асырады:
- салымшының нысан бойынша ИПБ таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтінішінің болуы және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттарды қоса беруі;
- БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ кастодиандық шарттың болуы;
- ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге жататын МЗЖ және (немесе) МКЗЖ, және (немесе) ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының МЗЖ және (немесе) МКЗЖ, және (немесе) ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарынан аспауы;
- салымшының өтінішінде көрсетілген ИПБ-ның ҚНРДА-ның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабы, 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда, және (немесе) толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
ИПБ өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Салымшылардың:
- ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алуға;
- БЖЗҚ-ға МЗЖ және (немесе) МКЗЖ және (немесе) ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасынан аспайтын сомада МЗЖ және (немесе) МКЗЖ және (немесе) ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін зейнетақы активтерінің таңдалған инвестициялық портфелін көрсете отырып, ИПБ таңдау туралы өтініш беруге;
- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан басқа ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ өзгерту туралы өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап кемінде бір жылдан кейін);
- БЖЗҚ-ға ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініш беруге (зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жылдан кейін) құқығы бар. Егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес сол бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бастапқы берген күннен бастап кемінде бір жылдан кейін жүзеге асырылады.
- БЖЗҚ-дан ИПБ туралы ақпаратты және БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға құқығы бар.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырған тұлғаларға 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекет зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударған күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі кезеңде жүзеге асырылған, инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде БЖЗҚ-да МЗЖ-ның, МКЗЖ-ның сақталуына кепілдік береді.
ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді. ИПБ-ның комиссиялық сыйақысының шамасын ИПБ-ның басқарушы органы жыл сайын бекітеді.
Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік пен орташа алынған кірістіліктің көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын ҚРҰБ-ның ресми интернет-ресурсында (https://nationalbank.kz/ru/news/invest-portfel-brokery-i-dilery-cenbumagi/rubrics) жарияланады.
Көрсетілген ақпаратпен БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында Статистика және аналитика/ Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару/ Зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігінің коэффициенттері және теріс айырманы өтеу сомасы туралы мәліметтер бөлімінде танысуға болады.
Шарт өз бастамасы бойынша бұзылған жағдайда, ИПБ ҚНРДА-ға, БЖЗҚ-ға және зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асыратын кастодиан банкке Шартты бұзудың жоспарланған күніне дейін бір күнтізбелік жылдан кешіктірмей хабарлап, бір мезетте өзінің корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастырады.
Мұндай хабарлама болған кезде БЖЗҚ салымшылардың осы ИПБ-ның басқаруына зейнетақы активтерін аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды.
Шарт ИПБ бастамасы бойынша бұзылған жағдайда, БЖЗҚ ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін толық көлемде ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруына ақша түрінде қайтарады.
ҚР ҰБ-мен келісім бойынша ҚНРДА-ның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, УПИ алған, зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, ИПБ осы теріс айырманы ҚР ҰБ-мен келісім бойынша ҚНРДА-ның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде меншікті капиталы есебінен өтейді, кейіннен осы сома өтеу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша осы ИПБ-ның сенімгерлік басқаруында зейнетақы жинақтары болған МЗЖ салымшыларының, өздері үшін МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың ЖЗШ-на аударылады.
УПИ таңдау – салымшының дербес шешімі. БЖЗҚ порталында (https://invest.enpf.kz/) салымшы өз жинақтарын аударғысы келетін нақты ИПБ-ны таңдау мақсатында алдын ала барлық ИПБ-ның қызметінің нәтижелілігінің әр түрлі көрсеткіштерін салыстыруға болады.