Міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін деректемелер

Егер келесі абзацта өзгеше көзделмесе, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер жолымен жүргізеді.

Жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары жоқ жеке тұлғалар кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банктерге қолма-қол ақшамен МЗЖ енгізеді.

МЗЖ-ны қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен банктер арқылы төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұсталған (есептелген) МЗЖ және (немесе) өсімпұлдар Мемлекеттік корпорацияға мынадай деректемелер бойынша аударылады:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ12009NPS0413609816

БСН: 160440007161

Бек: 11

ТТК[1]: 010

Міндетті зейнетақы жарналары

ТТК: 019

Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

[1] төлем тағайындау коды