Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін деректемелер

Егер келесі абзацта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) немесе өсімпұл төлеуді агент қолма-қол ақшасыз төлемдер жолымен жүргізеді.

Жеке практикамен айналысатын адамдар, банктерде шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер кейіннен БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шотына аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен ЖМЗЖ енгізеді.

ЖМЗЖ-ны қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен банктер арқылы төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Есептелген ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мынадай деректемелер бойынша аударылады:

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ12009NPS0413609816

БСН: 160440007161

Бек: 11

ТТК[1]: 089

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

ТТК: 098

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

[1] төлем тағайындау коды