Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін деректемелер

Егер келесі абзацта өзгеше көзделмесе, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударуды агент қолма-қол ақшасыз төлемдер жолымен жүргізеді.

МКЗЖ-ны қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен банктер арқылы төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұсталған (есептелген) МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдар Мемлекеттік корпорацияға мынадай деректемелер бойынша аударылады:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ12009NPS0413609816

БСН: 160440007161

Бек: 11

ТТК[1]: 015

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

ТТК 009

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

[1] төлем тағайындау коды