Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Неліктен БЖЗҚ-ға дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек?

Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. Бұл ретте салымшылардың деректері жеке не өзге де заңды тұлғаларға БЕРІЛМЕЙДІ.

БЖЗҚ-дан қызметті алмас бұрын салымшы (алушы) / сенім білдірілген тұлға / заңды өкіл Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін растайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ, ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығын жақсарту мақсатында, БЖЗҚ сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттің арнайы бөліміне салымшылар үшін "Өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру" жаңа қызмет түрін енгізді.

Ол үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі "Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Егер бұрын өтініш беруші осындай келісімді берген және оған қол қойған болса, тиісті хабарлама шығады. Ал бұлай болмаған жағдайда (егер салымшы бұрын дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қоймаған болса) ҚР "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңының хабарламасы ашылады. Әрі қарай, "Таныстым" батырмасын басқан соң, келісім беру терезесіне ауысады, онда "ұялы нөмір" бағанын толтырып, көрсетілген нөмірге келетін SMS кодты тіркеу қажет.

26.03.2025
Жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) қалай ашылады?

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін , міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін шартты зейнетақы шотын ашу, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ЖЗШ ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады. 

Осыған байланысты, БЖЗҚда ЖЗШ ашу автоматтық түзілімде жүзеге асырылады, яғни жеке тұлғалардың веб-сайт арқылы зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беру рәсімі тоқтатылады.

Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған МЗЖ және  МКЖЗ -ны есепке алу бойынша ЖЗШ-сы болмаған жағдайда, ЖЗШ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан түскен, БЖЗҚ-ға агент аударған алғашқы сомасы негізінде ашылады.

ЖЗШ ашудың мәлімдемесіз тәртібі мына кезеңдерден бері әрекет етеді:

-2019 жылғы 8 қаңтардан бастап МЗЖ қатысты;

-2021 жылғы 26 қазаннан бастап МКЗЖ қатысты.

28.03.2025
МЗЖ есебінен жеке зейнетақы шотын ашу

МЗЖ есепке алу үшін  ЖЗШ ашу туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/330/22221/

28.03.2025
МКЗЖ есебінен жеке зейнетақы шотын ашу

МКЗЖ  есепке алу үшін ЖЗШ ашу туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/330/22041/

28.03.2025
ЕЗЖ есебінен жеке зейнетақы шотын ашу

ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/330/22040/

28.03.2025
ЖМЗЖ есебінен жеке зейнетақы шотын ашу
ЖМЗЖ есепке алу үшін шартты зейнетақы шотын ашу туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/330/22039/
28.03.2025
Нысаналы жинақ шотын ашу
Нысаналы жинақ шотын ашу туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/330/22037/

28.03.2025
ЖЗШ-дан үзінді көшірмені онлайн түрде қалай алуға болады?

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталындағы және (немесе) eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.Егер сізде ЭЦҚ немесе Жеке кабинетіңізге кіру мүмкіндігі болса, ақпаратты біздің https://www.enpf.kz/kz/ сайтымыздың «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінен алуға болады.

Шоттардан үзінді көшірме алу кезінде Өзіңізге керекті кезеңді көру үшін, Сіз «Қызметтер» бөлімі, әрі қарай «Шоттардан үзінді көшірме алу» парақшасына кіріп, Өзіңізге керекті үзінді-көшірмені қалыптастыру үшін қажетті кезеңді (бір күннен бірнеше жылға дейін) белгілеп, «Жүктеу» жолын басыңыз.

Қолданыстағы шоттар бойынша ақпарат, қалыптастырылған үзінді көшірмеде көрсетіледі.

26.03.2025
Шоттардан үзінді көшірмені е-mail-ға қалай алуға болады?

«Шоттардан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу» электрондық қызметі, атына шот ашылған жеке тұлғаға БЖЗҚ-дағы қолданыстағы шоттар бойынша үзінді көшірмені өзінің электрондық мекенжайына дербес жіберуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте Сіз өз шоттарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде өзекті электрондық мекенжайыңыз көрсетілген жағдайда ғана аласыз.

Шот бойынша үзінді көшірмеде құжаттың электрондық нұсқасына веб-сілтеме болады. Веб-сілтеме осы құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді.

Шоттан үзінді көшірме алу үшін:

-«Шоттардан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу» электрондық қызметін таңдау;

-электрондық нысанға ЖСН және электрондық мекенжайды енгізу;

-шоттан үзінді көшірмені қалыптастыру кезеңін (басы мен соңын) таңдау қажет.

Бұл ретте электрондық мекенжайға жіберілген құжатта көрсетілген кезеңде БЖЗҚ-да бар барлық шоттардан үзінді көшірмелер болады.

26.03.2025
Жинағымның сомасын қалай тексеруге болады?

Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады. Егер Сіз БЖЗҚ-дағы Жеке кабинетке ешқашан кірмеген болсаңыз, онда БЖЗҚ сайтына немесе ұялы қосымшаға ЭЦҚ кілтінің көмегімен не болмаса eGov mobile немесе биометрия арқылы авторланып, Жеке кабинетке өзіңізге сәйкес келетін құпиясөз орнатып алуға кеңес береміз, себебі алдағы уақытта жеке тұлғаның кабинетіне оңай және жедел кіріп, жарналардың жүйелілігі мен толықтығын, инвестициялық кірістің есептелуін және жинағыңыздың жалпы сомасын қадағалап отыруға болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында тіркелу кезінде алдымен QR кодын пайдаланып қол қоюға арналған электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын eGov мобильді орнату қажет екенін ескертеміз.Сондай-ақ, өз шотыңыздан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет порталындағы немесе электрондық үкімет ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде тексеруге болады.

26.03.2025
ШЖШ туралы ақпаратты қалай көруге болады?

«БЖЗҚ» АҚ-дағы жинақтардың, шартты зейнетақы шотының жай-күйі және нысаналы талаптардың сомасы туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/332/21910/

26.03.2025
Зейнетақы жинақтарының құпиясы кімге ашылуы мүмкін?

БЖЗҚ ЖЗШ-дағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 55 – баптың 4 тармағында көзделген адамдарға берілуі мүмкін:

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына - олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;

2) соттарға - сот ұйғарымының негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша;

3) сот орындаушыларына - прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша;

4) мемлекеттік кіріс органдарына - міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) байланысты мәселелер бойынша;

5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға - міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;

6) прокурорға - оның қарауында жатқан материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;

7) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;

8) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өкілдеріне - нотариат куәландырған сенімхаттың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде;

9) Мемлекеттік корпорацияға - міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының не нотариат куәландырған сенімхат немесе заңды күшіне енген сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;

10) уәкілетті мемлекеттік органға - міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;

12) мұрагерлерге - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда - мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бере отырып, сұрау салу бойынша;

13) нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша - сұрау салу бойынша берілуі мүмкін.

26.03.2025
Зейнетақы жинақтары кейінге қалдырылған ЖТС сомасына ұлғая, яғни кейінге қалдырылған ЖТС БЖТ алуға қолжетімді сомада есепке алынады ма?

Зейнетақы жинақтары ұлғаймайды, өйткені кейінге қалдырылған ЖТС (бұдан әрі- КЖТС) зейнетақы жинақтарының бір бөлігі болып табылады.
КЖТС жойылған кезде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін  (бұдан әрі –БЗТ) жүзеге асыру үшін қолжетімді сома Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 220-бабы 3-тармағының 4 және 5-абзацтарында көрсетілген адамдар үшін ұлғаяды.

25.07.2025
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсталған ЖТС қайтарыла ма?
Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС ұстау көзделген. Бұл ретте алушының таңдауына ЖТС ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдыру. 01.01.2026 ж. бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты салымшы ЖТС-ты бұған дейін төлеп қойған болса, ол қайтарылмайды. Ал кейінге қалдырылған ЖТС бойынша міндеттемелердің күші жойылады. Айта кетейік, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы режимде жүзеге асырылатын болады.
19.09.2025
Егер тұтынушы зейнет жасқа жеткен және ЖТС төлеген жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС ұстап қалу жалғастырыла ма?

Жаңа Салық кодексінің ережелерінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бейрезиденттері жүзеге асыратын БЖЗҚ-дан  төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдері, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірісті жеке табыс салығынан босату көзделген. 

25.07.2025
Зейнеткерлерден бұрын ұсталған ЖТС-ты қайта есептеу қалай жүзеге асырылады?
Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайта есептеу көзделмеген.
25.07.2025
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшыларға және әскери қызметшілерге ЖТС қайтарылады ма?
Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген.
25.07.2025
Мүгедектерге ЖТС қалай қайтарылады (егер мүгедек БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіне алмаса)? ЖТС қайтаруға электрондық өтініш беру қарастырылған ба?
Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген.
25.07.2025
Бұрын ұсталған ЖТС қайтарылған жағдайда, онда осы сома қай жерде көрсетіледі (ЖЗШ, КБ) және оны тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға бола ма?
Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС қайтару көзделмеген.
25.07.2025
Салымшылар, атап айтқанда 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-ға жүгінген және салық салынған кірістерді қайта есептеу туралы өтініш берген мүгедектігі бар адамдар және (немесе) ұрыс қимылдарының ардагерлері, мүгедек балалардың қамқоршылары және т.б. (Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2, 3-тармақтары) ЖТС бойынша қайтарылған соманы қайдан көруіне болады?

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 15.07.2025 ж. № 208-VІIІ Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 48-бабына талап қоюдың ескіру мерзімі бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, шегерімдерді қолдану бойынша талап қою мерзімі 5 жылды құрайды.

Осылайша, 2021-2022 жылдары алынған БЗТ бойынша талап қою мерзімі 2025 жылдың соңына дейін (жаңа Салық кодексі күшіне енгенге дейін) ұзартылғанын атап өтеміз.

Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің (өтпелі ережелер) 828-бабына сәйкес, егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен ЖТС ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне кірісті түзету немесе салықтық шегерімдерді қолданбаған жағдайда, онда жеке тұлға осындай кірістен ЖТС ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті жаңа Салық кодексінің 65-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде (3 жыл) кірістерге қайта есептеу жүргізеді.

Осылайша, 2023 жылдан бастап алынған БЗТ бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі үш жыл болатынын атап өтеміз.

Салық салынған кірістерді қайта есептеуге байланысты барлық операциялар бойынша ақпарат салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетіледі:

- егер ЖТС бір рет ұсталса, онда артық ұсталған ЖТС сомасы ЖЗШ-ға есептеледі;

- егер КЖТС зейнетақы төлемдерінен ұсталса, онда артық ұсталған ЖТС сомасы ЖЗШ-ға есептеледі және салымшыға (зейнетақы төлемдерін алушыға) төленеді;

- егер КЖТС зейнетақы жинақтарын (ЗЖ) сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде ұсталса, онда артық ұсталған ЖТС сомасы ЖЗШ-ға есептеледі;

- егер КЖТС есептелсе және ұсталмаса, онда салықтық міндеттемелер азаяды.

25.07.2025