Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін деректемелер

Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ, ЖП-мен айналысатын тұлғалар, ЖК кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін ЖМЗЖ-ны банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Ұсталған (есепке жазылған) ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады:

Атауы

Деректемелер

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН

160440007161

ТМК:

ТМК

Төлем мақсатының код атауы

ТМК 089

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

ТМК 098

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл