Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін деректемелер

Агент міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ жеке практикамен айналысатын тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар МЗЖ кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.

МЗЖ қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұсталған (есепке жазылған) МЗЖ, МКЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады:

Атауы

Деректемелер

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН

160440007161

ТМК:

ТМК

Төлем мақсатының код атауы

ТМК 010

міндетті зейнетақы жарналары

ТМК 015

міндетті кәсіптік зейнетаөы жарналары

ТМК 019

міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

ТМК 009

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл