Ерікті зейнетақы жарналары
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – ЕЗЖ салымшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына БЖЗҚ-ға өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-ға аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы.
ЕЗЖ салымшысы – ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ЕЗЖ өзінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ ЕЗЖ кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға.
ЕЗЖ мөлшерлемесі – БЖЗҚ-ға төленетін төлемнің ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын мөлшері, оны ЕЗЖ салымшысы өзі дербес айқындайды және өз қалауы бойынша өзгертуі мүмкін.
ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (Шарт) – ЕЗЖ-ға, жинақтарға және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт, оның қойылатын талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайды.
ЕЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ЕЗЖ сомасы келіп түскен күннен бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым БЖЗҚ-ға салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, Шарт «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады.