Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – Әлеуметтік кодексте, №540 Қағидада [1] белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына (ШЗШ) аударған ақша.

ЖМЗЖ мөлшерлемесі - агенттің БЖЗҚ-ға төлемінің қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын табысына пайыздық қатынаста көрсетілген мөлшері.

ЖМЗЖ БЖЗҚ-ға, келесі абзацта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар үшін агенттің өз қаражаты есебінен төленеді.

Агент:

1. Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін;

2. егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін;

3. әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін;

4. еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін;

5. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы жабдықталымдарды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай жабдықталымдарды алатын отставкадағы судьялар үшін;

6. 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады.

ЖМЗЖ БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №540 Қағидада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:

ЖМЗЖ төлеу жөніндегі агент

Кезең

Есептеу объектісі

Мөлшерлемесі, шегі

Аудару мерзімі

Ескертпе

салық кезеңінің әрбір айы үшін

салық кезеңінің әрбір айы үшін

Жалдамалы қызметкерлер мен өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы.

Егер Әлеуметтік кодексте өзгеше көзделмесе, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайыз мөлшерінде;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайыз мөлшерінде;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайыз мөлшерінде.

Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 101-1 және 102-1-баптарында көрсетілген адамдардың табысын қоспағанда, ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс ЕТЖ-дан кем болмауы тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

Агенттің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар адамдардың (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) меншікті қаражаты есебінен.

Жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына.

салық кезеңінің әрбір айы үшін

Адамның өзі дербес айқындайтын және ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын табысы.

Егер Әлеуметтік кодексте өзгеше көзделмесе, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайыз мөлшерінде;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайыз мөлшерінде;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайыз мөлшерінде.

Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 101-1 және 102-1-баптарында көрсетілген адамдардың табысын қоспағанда, ЖМЗЖ есептеу үшін айына қабылданатын табыс кемінде 1 ЕТЖ болуы тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

Агенттің меншікті қаражаты есебінен.

  • [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi №540 қаулысымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері