Міндетті зейнетақы жарналары

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодекске сәйкес №525 Қағидада[1] белгіленген тәртіппен енгізілетін ақша.

МЗЖ мөлшерлемесі – салымшының МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кірісіне және (немесе) жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаста көрсетілген, БЖЗҚ-ға төленетін төлемнің мөлшері.

БЖЗҚ-ға төленуге жататын МЗЖ мөлшерлемелері Әлеуметтік кодекстің 249-бабына сай белгіленеді.

МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) (Шарт) – МЗЖ салымшысы ұсынылған Шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана талаптарын қабылдай алатын қосылу шарты.

МЗЖ салымшысы, МЗЖ төлеу жөніндегі агент МЗЖ есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) МЗЖ есепке жазылған күннен бастап Шартқа қосылған болып есептеледі.

Назар аударыңыз, МЗЖ төлеуден:

  1. 1Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
  2. егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
  3. әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
  4. еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.

МЗЖ есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.

БЖЗҚ-ға МЗЖ Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №525 Қағидада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:

№ р/р

МЗЖ төлеу жөніндегі агент

Кезең

Есептеу объектісі

Мөлшерлемесі, шегі

Аудару мерзімі

Ескертпе

1

Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы кестенің 2-тармағында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден

салық кезеңінің әрбір айы үшін

Жалдамалы қызметкерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасалған жеке тұлғалардың, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың ай сайынғы табысы

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыстың 10% мөлшерінде. Бұл ретте бір агенттен МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның [2] 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс

кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

Агенттің МЗЖ ұстау және төлеу бойынша міндеті

2

Жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына

салық кезеңінің әрбір айы үшін

МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын табысты қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын, алатын табысы.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына қабылданатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Егер табыс ЕТЖ мөлшерінің 1 еселенген мөлшерінен кем болса, онда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 1 еселенген мөлшерінен МЗЖ төлеуге құқылы.

есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады. 

3

Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері [3] болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан АҚС шарттар бойынша табыс алатын, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.

салық кезеңінің әрбір айы үшін

Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыс.

МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын, алатын кірісі түсініледі.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады.

4

ҚР-дағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.

салық кезеңінің әрбір айы үшін

МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын табысты қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын, алатын табысы.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады.

  • [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
  • [2] Ең төменгі жалақы мөлшері
  • [3] салық агенті - жеке тұлға, жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, интернет-платформа операторы Салық кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен салық агенті болып танылады