Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi №215-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен (бұдан әрі – №215-VІI Заң). Әлеуметтік кодекстің «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру» 101-1-бабы қолданысқа енгізіледі.

Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдар деп танылады.

Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар Әлеуметтік кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) және әлеуметтік аударымдарды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды өздері алған кірістерден төлеуді жүргізеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленген. МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алынған кіріс түсініледі. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын ЖМЗЖ мөлшерлемесі ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленген. ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алған кірісі түсініледі. Бұл ретте ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс.

БЖЗҚ-ға МЗЖ Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №525 Қағидада[1] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:

МЗЖ төлеу жөніндегі агент

Кезең

Есептеу объектісі

Мөлшерлемесі, шегі

Аудару мерзімі

Ескертпе

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін Салық кодексінде көзделген арнаулы салық режимін қолданатын адамдар 

салық кезеңінің әрбір айы үшін

МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алынған кіріс түсініледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленген.

МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс. (күнтізбелік айдағы кіріс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ЕТЖ мөлшерінің 300 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс).

күнтізбелік жылдың ағымдағы айы үшін кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей

БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады

ЖМЗЖ БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:

ЖМЗЖ төлеу жөніндегі агент

Кезең

Есептеу объектісі

Мөлшерлемесі, шегі

Аудару мерзімі

Ескертпе

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін Салық кодексінде көзделген арнаулы салық режимін қолданатын адамдар 

салық кезеңінің әрбір айы үшін

ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алған кірісі түсініледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын ЖМЗЖ мөлшерлемесі ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленген.

ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс. (күнтізбелік айдағы кіріс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ЕТЖ мөлшерінің 300 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс).

күнтізбелік жылдың ағымдағы айы үшін кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей

БЖЗҚ-ға ЖМЗЖ төлеу меншікті қаражат есебінен дербес жүзеге асырылады

  • [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері