Платформалық жұмыспен қамту
Платформалық жұмыспен қамту интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрін білдіреді.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабына сай платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:
- интернет-платформаның операторы (Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып, көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
- тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
- орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Интернет-платформа – интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс (Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасы).
Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі (Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабының 3-тармағы).
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 215-VII Заңымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыруды көздейтін жаңа 102-1-баппен толықтырылды.
Оператор Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) ұстап қалуды және ұстап қалған сомаларды аударуды жүргізеді (Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 1-тармағы)
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленеді.
МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте айына МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 300 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын ЖМЗЖ мөлшерлемесі ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленеді.
ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға белгіленген шектен - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-нің 300 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
БЖЗҚ-ға МЗЖ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, №392 Қағидада [1] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:
№ р/р |
МЗЖ төлеу жөніндегі агент |
Кезең |
Есептеу объектісі |
Мөлшерлемесі, шегі |
Аудару мерзімі |
Ескертпе |
1 |
Оператор |
күнтізбелік ай |
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі |
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алынған кірістің 1%-ы Бір айдағы кіріс күнтізбелік жылдың ағымдағы айы үшін қаржы жылының 1 қаңтарына 300 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс
|
күнтізбелік жылдың ағымдағы айы үшін кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей |
Оператор МЗЖ-ны орындаушылардың кірістерінен төлейді. |
БЖЗҚ-ға ЖМЗЖ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, №392 Қағидада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:
№ р/р |
ЖМЗЖ төлеу жөніндегі агент |
Кезең |
Есептеу объектісі |
Мөлшерлемесі, шегі |
Аудару мерзімі |
Ескертпе |
1 |
Оператор |
күнтізбелік ай |
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі |
Қызметтер мен жұмыстарды көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудан есепті айда алынған кірістің 1%-ы |
кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей |
Оператор ЖМЗЖ-ны орындаушылардың кірістерінен төлейді. |
- [1] Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №392 бұйрығымен бекітілген Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары