Бірыңғай төлем

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.

Бірыңғай төлемге (БТ) төленуі тиіс, төлем көзінен салық салынатын табыстан жеке табыс салығы сомасы, Әлеуметтік кодекске сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдары кіреді.

Бейрезидент-қызметкерді қоспағанда, Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген адам болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған, Салық кодексінің 426-бабында көзделген қызметкердің табысы БТ-ға салық салу объектісі болып табылады.

Қызметкердің (бейрезидентті қоспағанда) төленген кірістері бойынша бірыңғай төлем құрамында жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған микро және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, егер олар:

  • Салық кодексінің 78 және 79-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданса;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық шаруашылығы) өнімдерін өндірумен, сондай-ақ өзі өндірген, көрсетілген өнімдерді қайта өңдеумен және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізумен айналысса;
  • Салық кодексінің 16-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылса, салық агенттері деп танылады.

Сонымен қатар салық агенті тиісті декларацияда Салық кодексінің 94-тарауының ережелеріне сәйкес немесе Салық кодексінің 20-бөлімінің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің табыстарына салық салудың бірыңғай тәртібін дербес айқындайды. Бастапқы немесе кезекті декларацияда қызметкерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын табысына салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.

БЖЗҚ-ға МЗЖ Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №№270 Қағидада [1] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:

МЗЖ төлеу жөніндегі агент

Кезең

Есептеу объектісі

Мөлшерлемесі, шегі

Аудару мерзімі

Ескертпе

Салық кодексінің 820-бабына сәйкес бірыңғай төлем (БТ) төлеушілер болып табылатын салық агенттері: микро- және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, Салық кодексінің 78 және 79-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар

ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық шаруашылығы) өнімдерін өндірумен, сондай-ақ өзі өндірген көрсетілген өнімдерді қайта өңдеумен және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізумен айналысады;

осы Кодекстің 16-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады

күнтізбелік ай

Бейрезидент-қызметкерді қоспағанда, Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген адам болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған, Салық кодексінің 426-бабында көзделген қызметкердің табысы.

Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген, БТқұрамында МЗЖ төлеуді таңдаған салық агенттері үшін, БТ мөлшерлемесіндегі МЗЖ үлесі:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайыз;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайыз;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,0 пайыз.

Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

Салық агентінің МЗЖ ұстау және төлеу бойынша міндеті.

Бастапқы немесе кезекті декларацияда қызметкерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын табысына салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.

ЖМЗЖ БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №540 Қағидада [3] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:

ЖМЗЖ төлеу жөніндегі агент

Кезең

Есептеу объектісі

Мөлшерлемесі, шегі

Аудару мерзімі

Ескертпе

Салық кодексінің 820-бабына сәйкес бірыңғай төлем (БТ) төлеушілер болып табылатын салық агенттері: микро- және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, Салық кодексінің 78 және 79-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар

ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық шаруашылығы) өнімдерін өндірумен, сондай-ақ өзі өндірген көрсетілген өнімдерді қайта өңдеумен және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізумен айналысады;

осы Кодекстің 16-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.

салық кезеңінің әрбір айы үшін

Бейрезидент-қызметкерді қоспағанда, Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген адам болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған, Салық кодексінің 426-бабында көзделген қызметкердің табысы.

БТ төлеушілер үшін БТ мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,1 пайыз;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайыз;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 19,0 пайыз.

ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей

Агенттің меншікті қаражаты есебінен.

  • [1] Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №270 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары
  • [2] жеке табыс салығы
  • [3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi №540 қаулысымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері