Платформалық жұмыспен қамту
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі «Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру» 102-1 бабымен толықтырылды.
Платформалық жұмыспен қамту интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрін білдіреді.
Әлеуметтік кодекстің 102-бабына сай платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:
- интернет-платформаның операторы (Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
- тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
- орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Интернет-платформа – интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс (Әлеуметтік кодекстің 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасы).
Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.
Оператор арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлер (ЖК) болып табылатын орындаушылардың кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ұстап қалуды және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударуды жүргізеді (Әлеуметтік кодекстің 102-1 бабының 1-тармағы).
Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын ЖК болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті МЗЖ мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде немесе Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерде (МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы) айқындалады (Әлеуметтік кодекстің 102-1 бабының 3-тармағы).
МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын ЖК болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте айына МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 50 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауы тиіс.
БЖЗҚ-ға МЗЖ Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №392 Қағидада [1] белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:
№ р/р |
МЗЖ төлеу жөніндегі агент |
Кезең |
Есептеу объектісі |
Мөлшерлемесі, шегі |
Аудару мерзімі |
Ескертпе |
7 |
Интернет-платформаның операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып, көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға. |
салық кезеңінің әрбір айы үшін |
Көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын, ЖК болып табылатын орындаушылар алған табыс. |
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған мөлшерде (10%) орындаушының өз таңдауы бойынша айқындалады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс деп көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың алған табысы түсініледі. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. |
кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей |
Агенттің МЗЖ ұстау және төлеу бойынша міндеті.
Орындаушы арнайы мобильді қосымшада әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелерінің таңдалған мөлшерін күнтізбелік айдың ішінде бір рет 25-күнінен кешіктірмей өзгертеді. Әлеуметтік төлемдерді есептеу белгіленген мөлшерлеме негізінде әлеуметтік төлем мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгерту жүргізілген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі. |
- [1] Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №392 бұйрығымен бекітілген Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары