"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


15.11.2021

Халық зейнетақы қорынан қомақты қаражат алған

1 қазанға қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың жинақтары 13,1 трлн теңгеге жетті – былтырғы кезеңнен 5%-ға артық. Айта кету керек, бұл көрсеткіш Тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу және жеке басқарушы компанияларға (УПИ) аударуға мүмкіндік берілгеніне қарамастан, жақсы нәтижеге жетіп отыр. Ranking.kz сайтының жазуынша, бұдан жүйе орнықты һәм тұрақты екенін көруге болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Жинақтар зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс көлемінің ұлғаюына байланысты өскен. 1 қазандағы мәліметке сай, салымшылардың шоттарына 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті. Оның ішінде төлемдерді қайтару (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу) кіреді. Кіріс те былтырғы кезеңмен салыстырғанда 439,5 млрд теңге (57%) ұлғайды. Салымшылардың өздерінің жарналарынан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында 1 трлн теңгеден аса таза инвестициялық табыс түсіп, зейнетақы жинақтары айтарлықтай өсті.  5 қарашадағы есепте БЖЗҚ Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға адамдар берген 491,1 мың өтінішті орындады. Олардың банктерде ашылған арнайы шоттарына 2 трлн теңгеге жуық қаражат аударды. Бір жолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4 млн теңге болған. Көбіне Алматы (17%), Маңғыстау облысы (13,5%) және Нұр-сұлтан (13%) тұрғындарынан өтініш келген. Емделу үшін ақша алуға рұқсат сұраған 61,4 мыңға жуық адамға 55,7 млрд теңгеге жуық қаражат аударылған. Адамдарға, орташа есеппен, 1 млн теңгеден аз ақша берілген. Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, сақталады – мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Егер салымшы (алушы) өзінің зейнетақы жинақтарын алып қойса, кепілдік арнайы шотқа аударылған жинақтарға берілмейді. БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан жеке табыс салығы есептеліп, ұсталып қалады. Оны салымшы өз өтінішінде көрсетіп береді.  БЖЗҚ-ға 280 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған. Себебі біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.  Инвестициялық табыс, мемлекет кепілдігін жоғалту және жеке табыс салығы мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын, яғни қаражатты қайтарып беретіндей болмауы үшін салымшылар (алушылар) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды мұқият жоспарлауы керек. Келешекте еңбек қызметі аяқталғаннан кейін зейнетақы төлемдерінің сомасы аз болатынын түсінуі керек. Халықтың бір бөлігі өз қаражатын жеке басқарушы компанияларға да аударған. 5 қарашадағы есепке сай, үш мың өтініш бойынша 5,6 млрд теңгеге жуық қаражат аударылған. Мұндайда мемлекет кепілдігінің орнына басқарушы компания зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігі беріледі. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта жұмыс істейтін, ССП-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі. Зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен нарық бойынша зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасында айырма пайда болған жағдайда басқарушы компания оны өз капиталы есебінен өтейді. Биылғы қаңтар-қыркүйек арасында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдері – 2,1 трлн теңге. Негізгі сома (төлемдердің 90,7%-ы) – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге жұмсалған біржолғы зейнетақы төлемдері. Қалған 3,4%-ы (73,2 млрд тг) – кестеге сай төлемдер, 1,4%-ы (29,1 млрд тг) – тұрғылықты тұратын жерінен көшуіне байланысты төлемдер, 2,2%-ы (47,2 млрд тг) – мұрагерлерге, жерлеуге арналған төлемдер, 2,2%-ы (47,6 млрд тг) – сақтандыру компанияларына аударымдар.


Толығырақ: inbusiness.kz


Тізімге оралу