Филиалды таңдаңыз:
Мақсатты пайдалану үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректерді мынадай тәсілдермен алуға болады:
1 нұсқа. БЖЗҚ сайты және салымшының Жеке кабинеті арқылы. Ол үшін ЖСН мен құпиясөзді енгізу қажет, немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек.
1-қадам.
2-қадам.
3-қадам.
2 нұсқа. БЖЗҚ ұялы қосымшасы.
1-қадам. БЖЗҚ ұялы қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп алыңыз.
2-қадам. «Қызметтер» бөліміне өтіп, жүйеде ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөз арқылы авторланудан өтіңіз. ЖСН арқылы авторлану кезінде, Қор сайтында пайдаланатын құпиясөзді қолдануға болады.
3 нұсқа. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат eGov.kz сайтында және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Ол үшін пайдаланушыларға электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
1-қадам.
2-қадам.
Еgov.kz сайтының бас мәзірінде «Әлеуметтік қамсыздандыру», одан әрі «Зейнетақымен қамсыздандыру» қосымша бетіне өтіңіз, одан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қосымша парақшасы арқылы немесе сілтеме бойынша өтіп білуге болады.
eGov mobile мобильді қосымшасының «Қызметтер», одан әрі «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз, содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат» қосымша бетіне өту арқылы.
Жасы | Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге | Жасы | Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге |
---|---|---|---|
20 | 3 140 000 | 40 | 5 790 000 |
21 | 3 250 000 | 41 | 5 950 000 |
22 | 3 370 000 | 42 | 6 100 000 |
23 | 3 490 000 | 43 | 6 260 000 |
24 | 3 610 000 | 44 | 6 420 000 |
25 | 3 730 000 | 45 | 6 580 000 |
26 | 3 860 000 | 46 | 6 750 000 |
27 | 3 980 000 | 47 | 6 920 000 |
28 | 4 110 000 | 48 | 7 090 000 |
29 | 4 240 000 | 49 | 7 260 000 |
30 | 4 370 000 | 50 | 7 430 000 |
31 | 4 510 000 | 51 | 7 610 000 |
32 | 4 640 000 | 52 | 7 790 000 |
33 | 4 780 000 | 53 | 7 970 000 |
34 | 4 920 000 | 54 | 8 150 000 |
35 | 5 060 000 | 55 | 8 340 000 |
36 | 5 200 000 | 56 | 8 530 000 |
37 | 5 350 000 | 57 | 8 720 000 |
38 | 5 490 000 | 58 | 8 920 000 |
39 | 5 640 000 | 59-62 | 9 120 000 |
БЖЗҚ салымшылары 1418 қысқа нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығы арқылы кеңес ала алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда БЖЗҚ-ның жақын жердегі бөлімшесіне жүгіне алады. Барлық мекенжайлар мен байланыстар Қор сайтында қолжетімді.
Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-бот арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшалары қолжетімді.