САПА ҚЫЗМЕТІ
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушылары!
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі - Қор) өз қызметінде үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып, жоғары технологиялық деңгейде қызмет көрсетуге ұмтылады.
Қордың Сапаны бақылау басқармасы сіздер үшін көрсетілетін қызметтерді барынша жайлы және ыңғайлы етуге күш салады.
Егер Қорға өтініш жасау барысында қандай-да бір қиындыққа тап болсаңыздар немесе қызмет көрсету сапасына қатысты шағымыңыз бар болса, бізге кез келген қолжетімді байланыс арнасы:
Байланыс орталығының 1418 нөмірі;
Кері байланыс нысаны бойынша электрондық хат жолдау;
Әлеуметтік желілерде жазу:
Дербес қызмет көрсету орталықтарында жайғастырылған «Пікірлер мен ұсыныстар кітабына» пікір жазып қалдыру;
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы 68/74 мекенжайында орналасқан Қор кеңсесіне хат жолдау арқылы хабарласуыңызға болады.
Біз сіздердің өтініштеріңізді Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында бекітілген мерзім (8-бап) аясында міндетті түрде қараймыз.
8-бап. Өтінішті қарау мерзімдерi
- Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
- Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
- Өтінішті қарау мерзімін субъектінің басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
- Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
- Қазақстан Республикасының заңдарында өтініштерді қараудың өзге де мерзімдері белгіленуі мүмкін.