Филиалды таңдаңыз:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 59-бабына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасауға зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (бұдан әрі – СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар:
1. зейнет жасына толған тұлғалар:
63 жасқа толған ерлер;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толған әйелдер (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас);
2. 45 жасқа толған тұлғалар;
3. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер.
Заңның 59-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаны күні қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасауға зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар:
1. зейнет жасына толған тұлғалар:
63 жасқа толған ерлер;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толған әйелдер (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас);
2. жиынтығы кемінде 60 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген 40 жасқа толған тұлғалар;
3. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер.
Салымшы БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы №32 қаулысымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару қағидасына сәйкес төменде аталған құжаттар тізбесін БЖЗҚ-ға өтініш беру тәсіліне қарай береді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуға арналған құжаттар тізбесі:
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аударуға құқығы бар тұлғалар |
Құжаттарды беру тәсілі |
Қажет құжаттар тізбесі |
МЗЖ есебінен құралған:
1) зейнет жасына толған тұлғалар: 63 жасқа толған ерлер; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толған әйелдер (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас); 2) 45 жасқа толған тұлғалар; 3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер.
МКЗЖ есебінен құралған:
1) зейнет жасына толған тұлғалар: 63 жасқа толған ерлер; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толған әйелдер (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас); 2) жиынтығы кемінде 60 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген 40 жасқа толған тұлғалар; 3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер. |
БЖЗҚ кеңсесіне өзі келген кезде |
1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және шолып шығу үшін түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. 2) салымшы (алушы) СҰ-мен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түспнұсқасы/қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім түпнұсқасы; 3) жолдаушының Қордың ішкі құжатымен бекітілген нысандағы зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініші. |
Сенім білдірілген тұлға арқылы Құжаттар сенім білдірілген тұлғаның өзі БЖЗҚ кеңсесіне келген кезде ғана қабылданады (сенім білдірілген тұлға атынан пошталық хат-хабар арқылы жолданған құжаттарды қарастыру заңнамамен көзделмеген). |
1) жолдаушының Қордың ішкі құжатымен бекітілген нысандағы зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініші; 2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 3) салымшы (алушы) СҰ-мен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түспнұсқасы/қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім түпнұсқасы; 4) нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы немесе семінхатта сенім білдірушінің мүддесін бірнеше ұйымда қатарынан білдіру бойынша өкілеттік болса, нотариат куәландырған көшірмесі; 5) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және шолып шығу үшін түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. |
Назар аударыңыз:
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, ЕЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын пайдалануға болады;
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, МЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын пайдалануға болады;
Алушының зейнетақы жинақтарын СҰ-ға аудару заңнама талаптарына сай келетін құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады;
Сақтандыру ұйымынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс;
Жоғарыда аталған тұлғалардың зейнетақы жинақтарының сомасы СҰ-мен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болса, бұл айырма салымшыға (алушыға) БЖЗҚ-дан Заңмен белгіленген тәртіппен ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізу үшін не СҰ-мен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін пайдаланады.