Филиалды таңдаңыз:
2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау.
Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.
Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдауда заманауи бағалау әдістемелері қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсіз аудиторлар бұл механизмді жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды.
Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бірде-бір сәйкессіздік, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды.
Сертификат Менеджмент жүйесінің ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сəйкестік. |
![]() |