"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару тәртібі


БЖЗҚ-ға төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) МЗЖ1 есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.
Назарыңызға алыңыз, МЗЖ төлеуден салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.


БЖЗҚ-ға аударылатын МЗЖ:

1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағының 31) тармақшасының тоғызыншы азат жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды;
2) Салық кодексінің 329-бабында, 330-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды;
3) Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 42), 43)-тармақшаларында (жоғалтқан жалақы (табыс) бөлігінде), сондай-ақ, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 12), 26), 27), 50) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды. Бұл ретте БЖЗҚ-да МЗЖ Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 17) тармақшасының алтыншы азат жолында көзделген табыстардан ұсталмайды.
4) мүгедектігі бар адамдар және Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған табыстар мен төлемдерден ұсталмайды.



МЗЖ АУДАРУ


Агенттер МЗЖ-ны қолма-қол төлемсіз аударады.
ЖП, ЖК тұлғалары, сондай-ақ, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары бар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар МЗЖ-ны Мемлекеттік корпорацияның келесі деректемелерін көрсете отырып, БЖЗҚ-ға аудару үшін банктерге қолма-қол ақшамен енгізеді:


Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН

160440007161

ТТК (төлем тағайындау коды)

010



Төлеушілер

Кезеңі

Есептеу нысаны

Шегі

Аудару мерзімі

Ескерту

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар мен жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Жеке тұлғалар мен жалдамалы жұмыскерлердің ай сайынғы табысы

Ай сайынғы табысының 10 % мөлшерінде және 50 еселенген ЕТЖМ 10% аспайды[3]

Табысты төлеу айынан кейінгі айдың 25 күнінен кеш емес

МЗЖ төлеу бойынша міндеттеме

Өз пайдасына МЗЖ аударатын ЖП және ЖК

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Жеке анықтап алатын табыс

Алатын табыстың 10 % мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ 10 % кем емес және 50 еселенген ЕТЖМ 10 % аспайды

Есепті айдан кейінгі айдың 25 кеш емес

МЗЖ төлеу бойынша міндеттеме

Табыс жоқ болған жайда, МЗЖ-ны ЕТЖМ-нан 10 пайыз есебінен төлеуге құқылы

Жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын ЖП және ЖК тұлғалар

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Жалдамалы жұмыскерлердің ай сайынғы табысы

Ай сайынғы табыстың 10 % мөлшерінде және 50 еселенген ЕТЖМ 10% аспайды

Табысты төлеу айынан кейінгі айдың 25 күнінен кеш емес

МЗЖ төлеу бойынша міндеттеме

Жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын және өз пайдасына МЗЖ аударатын, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық түзімді қолданатын шағын бизнес субъектілері

Жарты жылда

Алатын табыс

Жалдамалық жұмыскерлер мен жеке тұлғалардың ай сайынғы табысы

Табысының 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ-ның кемінде 10% және 50 еселенген ЕТЖМ 10% аспайды

ҚР салық заңнамасында көзделген мерзімде: есептік салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25 күнінен кеш емес

МЗЖ төлеу бойынша міндеттеме

Жеңілдетілген декларация (910.00 нысан) салық органына есептік салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кеш емес беріледі

Патент негізінде арнайы салықтық түзімді қолданатын ЖК

Күнтізбелік жыл

Салықтық кезең үшін алынатын табыс

Алынатын табыстың 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ-ның кемінде 10% және 50 еселенген ЕТЖМ-нің 12 мөлшерінің 10% аспайды

ҚР салық заңнамасында көзделген мерзімде: патент құнының төлемі есепті бергенге дейін жасалады

МЗЖ төлеу бойынша міндеттеме

Патент құнының есебі (911.00 нысаны) салық органына салық заңнамасында көзделген мерзімде беріледі

Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына шаруа немесе фермер қожалығы

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Ай сайынғы табыс

ЕТЖМ-нің кемінде 10% және 50 еселенген ЕТЖМ 10% аспайды

ҚР салық заңнамасында көзделген тәртіпте және мерзімде

МЗЖ төлеу бойынша міндеттеме

Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) пайдасына МЗЖ олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептеліп төленуге жатады

Декларация (920.00 нысан) салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі келесі салық кезеңінің 31 наурызынан кешікпей беріледі

Нысанасы салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) шарты болып табылатын, АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Алатын табыс

Алатын табысының 10% мөлшерінде, бірақ 50 еселенген ЕТЖМ 10% аспайды

2020 жылғы 1 маусымнан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге4 табатын табыстың 5% мөлшері шегінде қолданылады, бірақ 50 еселенген ЕТЖМ 5% аспайды

Табысты алған айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей

МЗЖ төлеуге құқығы бар

ҚР-да халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредитацияланған шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен елшілік мекемелерінде жұмыс жасайтын ҚР азаматтары

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Алатын табыс

Алатын табысының 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ-нен кемінде 10% және 50 еселенген ЕТЖМ аспайды

МЗЖ төлеуге құқығы бар

ҚР аумағынан тыс жұмыс жасайтын ҚР азаматтары

Салықтық кезеңнің әр айы үшін

Алатын табыс

Алатын табысының 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ-нен кемінде 10% және 50 еселенген ЕТЖМ аспайды

МЗЖ төлеуге құқығы бар



[1] «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы

[2] Салық агенті: жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ, Салық кодексіне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндет жүктелген заңды тұлға-бейрезидент

[3] ЕТЖМ – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері, 2022 жылға ЕТЖМ сомасы 60 000,00 теңгені құрады.

[4] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі №359-VI Заңы